Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 159 "2022-2024 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;
2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.";
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |