Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 306 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 102,8598 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Prima group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер қойнауын геологиялық зерттеу үшін 2024 жылдың 21 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Шалкарского района Актюбинской области от 8 сентября 2022 года № 306. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьями 17, 69, 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Шалкарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок расположенный на территории Шалкарского района, Актюбинской области общей площадью 102,8598 гектаров без изъятия у землепользователей, для проведения геологического изучения полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью "Prima group", сроком до 21 июля 2024 года.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Шалкарского района Ж. Жидеханов