БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комитеттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құрайтын және тарататын, мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, Комитеттің Бас диспечерлік басқармасы аудан, қалалар және қалалардағы аудандар және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумақтарында басқармалар, сондай-ақ мамандандырылған мемелекеттік мекемелер жатады.";
1) және 2) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының, Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасы басшысын, мамандандырылған мемлекеттік мекеме басшыларының міндетін және өкілеттігін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:
Комитеттің жұмыскерлерін;
Бас диспетчерлік басқармасы басшысын;
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасы басшыларының орынбасарларын;
мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларын;";
6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іссапар, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, Төраға орынбасарларына, Комитеттің жұмыскерлеріне, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларына, Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасы басшысына, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері басшыларына үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;";
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
1-бөлімде. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 241-тармақпен толықтырылсын:
"241. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ә.С. Алтынбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі |
М. Сұлтанғазиев |