Шымкент қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 21/194-VII шешiмi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 21/194-VII шешімімен бекітілді

Шымкент қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шымкент қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жауапты адам – жануар иесінің "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

      3) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;

      4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;

      5) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;

      6) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері.

2-тарау. Үй жануарларын ұстаудың тәртібі

      3. Үй жануарларын ұстау жөніндегі талаптарға мыналар жатады:

      1) үй жануарларын күтіп-бағу жағдайлары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келеді, олардың табиғи қажеттерін қанағаттандырады;

      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Үй жануарының иесі және жауапты адамы алаңдаушылық туғызуға, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.

      5. Үй жануарларын төмендегідей орындарда ұстауға рұқсат етілмейді:

      1) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ұстау орындарында;

      2) ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар);

      3) үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа);

      4) ас үйлер мен жатақхана дәліздерінде.

      6. Үй жануарларының иесі және жауапты адам тарапынан тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың, оның ішінде кондоминиум объектілерінің, қоғамдық орындардың үй жануарларымен ластануына, қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол берілмейді.

      7. Бірнеше отбасы тұратын тұрғынжайда (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй) үй жануарларын ұстау медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, барлық тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.

      8. Бау-бақша, саяжай кооперативтерінің, демалыс үйлерінің аумақтарында санитариялық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтай отырып, үй жануарларын ұстауға жол беріледі.

      9. Үй жануарлары бар адамдардың жатақханалар мен қонақ үйлерде уақытша болуына Қазақстан Республикасы заңнамасының санитариялық-гигиеналық және өзге де талаптарын сақтай отырып, жатақханалар мен қонақ үйлерде белгіленген ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес көрсетілген ұйымдардың келісімімен жол беріледі.

      10. Үй жануарларын қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Қарау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі немесе жауапты тұлға:

      1) жануарды үй жануарларына арналған панажайға уақытша күтіп-бағуға орналастырады;

      2) үшінші адамдарға уақытша күтіп-бағуға береді;

      3) зоологиялық жатынжайға орналастырады.

      11. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда жануар иесі және жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға шаралар қабылдайды.

      12. Иттер өздігінен серуендеуін және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауды болдырмайтын жағдайларда ұсталады. Мұндай жағдайлар болмаған жағдайда ит вольерде немесе байлаулы болады.

3-тарау. Үй жануарларын серуендету тәртібі

      13. Үй жануарларын серуендету адамдардың, басқа жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың мүлкіне үй жануарларының зиян келтіруден қорғау талабымен жүзеге асырылады.

      14. Үй жануарларының иесі және жауапты адам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидалармен белгілеген тәртіппен үй жануарларын серуендету ережелерін сақтайды.

      15. Үй жануарларын серуендету кезінде иелері және жауапты адам келесі талаптарды сақтайды:

      1) үй жануарларын серуендету ұзындығы 2 (екі) метрден аспайтын қарғы баумен тұмылдырықсыз, тыйым салу белгісімен белгіленбеген орындарда жүзеге асырылады, бұл ретте жануардың иесі өзімен бірге тұмылдырық алып жүреді, ол қажет болған кезде итке дереу кигізеді;

      2) Шымкент қаласының әкімдігімен белгіленген жерлерде, итке тұмылдырықты уақтылы кигізеді және серуендету орындарда қарғы баудың лайықты ұзындығын реттеуді;

      3) үй жануарын серуендету айналасындағыларға алаңдаушылық және кедергі келтірмей жүзеге асырылады;

      4) көшелер арқылы немесе магистральдардың жанында өткен кезде жол-көлік оқиғаларын және оның жүру бөлігінде апат болуын болдырмау үшін үй жануарларына тұмылдырық кигізіледі және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы бауда ұстайды;

      5) тыйым салатын жазбалар болмаған жағдайда итке тұмылдырық кигізіліп және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы баумен мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде, поштада болуына рұқсат етіледі;

      6) итті, егер бұл ретте қоғамға қауіп төнбесе, қоғамдық тәртіпті бұзбаса, иттің денсаулығына қауіп төнбесе немесе оның еркін қозғалуына кедергі келтірілмесе, ғимараттың жанында 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы баумен байлап және тұмылдырықта уақытша қалдыру қажет.

      16. Иттермен қорғалатын бекітілген аумақтары бар иелер және жауапты адамдар иттерді өздерінің базаларында, қоймаларында, өндірістік үй-жайларында тек түнгі уақытта және қоршалған аумақта еркін серуендетеді. Күндізгі уақытта иттер байлауда немесе вольерде болады.

      17. Елді мекен аумағында:

      1) иттердің өздігінен серуендеуіне;

      2) үй жануарларын серуендетуге және қоғамдық орындар мен көлікте болуға, олардың мінез-құлқын бақылауға қабілеті жоқ, оның ішінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамдарға;

      3) мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорттық және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар мен спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және тыйым салу белгілері орнатылған, серуендеуге арналмаған аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;

      4) адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақта үй жануарларын серуендетуге;

      5) адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, субұрқақтарда және су бөгеттерінде үй жануарларын шомылдыруға және жууға;

      6) үй жануарларының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында (көзі әлсіз көретін адамдарға арналған қызметтік иттер мен жетелеуші иттерден басқа), сервистік қызмет көрсету азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, мәдени мекемелерде (иттер қатысатын көрмелер, ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізу жағдайларын қоспағанда), діни ұйымдарда (бірлестіктерде), балалар, білім беру, медициналық ұйымдардың үй-жайларында болуына және ұсталуына жол берілмейді.

Об утверждении Правил содержания и выгула домашних животных в городе Шымкент

Решение маслихата города Шымкент от 29 сентября 2022 года № 21/194-VII

      В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила содержания и выгула домашних животных в городе Шымкент согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата
      города Шымкент Б. Нарымбетов

  Утверждены
решением маслихата
города Шымкент
от 29 сентября 2022 года
№ 21/194-VII

Правила содержания и выгула домашних животных в городе Шымкент

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания и выгула домашних животных в городе Шымкент (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок содержания и выгула домашних животных в городе Шымкент.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия и термины:

      1) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которому животное принадлежит на праве собственности или ином вещном праве;

      2) ответственное лицо – лицо, которое несет права и обязанности владельца животного, установленные Законом Республики Казахстана "Об ответственном обращении с животными", по письменному поручению владельца животного;

      3) место содержания – используемые владельцем животного и (или) ответственным лицом здания, строения, сооружения, помещения или земельные участки, где животное содержится;

      4) домашние животные (животные-компаньоны) (далее – домашние животные) – животные вне зависимости от вида, которые традиционно содержатся и разводятся человеком для удовлетворения эстетических потребностей и потребностей в общении;

      5) самовыгул домашних животных – самостоятельное пребывание домашних животных вне места содержания без присутствия владельца животного и (или) ответственного лица;

      6) выгул домашних животных – действия владельца животного и (или) ответственного лица, предполагающие выведение животного за пределы места его содержания и направленные на удовлетворение физиологических потребностей животного в двигательной активности, отправление естественных потребностей.

Глава 2. Порядок содержания домашних животных

      3. К требованиям по содержанию домашних животных относятся:

      1) условия содержания домашних животных соответствуют их биологическим, видовым и индивидуальным особенностями, удовлетворяют их естественные потребности;

      2) обеспечение профилактики, диагностики, лечения и ликвидации болезней домашних животных в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии.

      4. Владельцем и ответственным лицом домашнего животного обеспечиваются условия, не допускающие причинение беспокойства, возникновение опасности здоровью людей, животных и вред окружающим.

      5. Не допускается содержание домашнего животного:

      1) в общественных местах, в местах содержания при нарушении требований законодательства Республики Казахстан в области ответственного обращения с животными и здравоохранения;

      2) в местах общего пользования (лестничные площадки, подвалы, чердаки, сопредельные балконы, лоджии и подсобные помещения общего пользования);

      3) на придомовых территориях (кроме придомовых территорий индивидуальных жилых домов);

      4) в кухнях и коридорах общежитий.

      6. Владельцем домашнего животного и ответственным лицом не допускается загрязнение домашними животными жилых и нежилых помещений, в том числе объектов кондоминиума, общественных мест и нанесения вреда окружающей среде.

      7. Содержание домашних животных в жилище (индивидуальный жилой дом, квартира, комната в общежитии, модульный (мобильный) жилой дом), занятых несколькими семьями, осуществляется с согласия всех проживающих совершеннолетних членов семей, с учетом медицинских противопоказаний.

      8. Содержание домашних животных на территориях садоводческих, огороднических, дачных кооперативов, домов отдыха допускается с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан в области здравоохранения.

      9. Временное пребывание лиц с домашними животными в общежитиях и гостиницах допускается с согласия указанных организаций с соблюдением законодательства Республики Казахстан в области здравоохранения, в соответствии с правилами внутреннего распорядка, установленными в общежитиях и гостиницах.

      10. Не допускается оставление домашних животных без присмотра. В случае невозможности присмотра, владелец домашнего животного или ответственное лицо:

      1) помещает животное на временное содержание в приют для домашних животных;

      2) передает его на временное содержание третьим лицам;

      3) помещает в зоологическую гостиницу.

      11. В случае невозможности дальнейшего содержания домашнего животного, владелец и ответственное лицо принимает меры к дальнейшему устройству домашнего животного.

      12. Собаки содержатся в условиях, исключающих их самовыгул и нападение на людей и животных. При отсутствии таких условий, собака находится в вольере или на привязи.

Глава 3. Порядок выгула домашних животных

      13. Выгул домашних животных осуществляется при условии обеспечения безопасности физических лиц и животных, а также защиты имущества физических или юридических лиц от нанесения вреда.

      14. Владелец домашнего животного и ответственное лицо, в целях обеспечения общественной безопасности, соблюдает выгул домашних животных в порядке, установленном настоящими Правилами.

      15. При выгуле домашних животных владельцами и ответственными лицами соблюдаются следующие требования:

      1) выгул домашнего животного осуществляется на поводке, длиной не превышающей 2 (два) метра, без намордника в местах выгула, не отмеченных запрещающим знаком, при этом владелец животного имеет при себе намордник, который незамедлительно надевается на собаку при необходимости;

      2) своевременно надевается намордник на собаку и регулируется подходящая длина поводка в местах выгула, установленных акиматом города Шымкент;

      3) выгул домашнего животного производится, не создавая беспокойства и помех окружающим;

      4) при переходе через улицы или вблизи магистралей, на домашнее животное надевается намордник и берется на короткий поводок, не превышающий 1,5 (полтора) метра, во избежание дорожно-транспортных происшествий и его гибели на проезжей части;

      5) при отсутствии запрещающих надписей, собаке разрешается находиться в учреждениях, непродовольственном магазинах, на почте надев на нее намордник и на коротком поводке, не превышающем 1,5 (полтора) метра;

      6) оставлять собаку необходимо на привязи и в наморднике на коротком поводке, не превышающем 1,5 (полтора) метра, исключающем произвольное развязывание, рядом со зданием на время, в течение которого владелец находится внутри этого здания, если при этом нет угрозы для общественности, нарушения общественного порядка, не возникает опасность для здоровья собаки и помех для свободы ее движений.

      16. Владельцы и ответственные лица, имеющие закрепленные территории, охраняемые собаками, содержат собак на своих базах, складах, производственных помещениях в свободном выгуле только в ночное время и на огороженной территории. В дневное время собаки находятся в вольере или на привязи.

      17. На территории населенного пункта не допускается:

      1) самовыгул собак;

      2) выгуливать домашних животных и находиться с ними в общественных местах и транспорте лицам, не способным контролировать их поведение, в том числе находящимся в состоянии алкогольного, наркотического, токсикоманического опьянения;

      3) выгуливать домашних животных на территориях детских дошкольных, образовательных, физкультурно-спортивных и медицинских, лечебных организаций, организаций культуры, детских и спортивных игровых площадок и на территориях, где установлены запрещающие знаки, не предназначенных для выгула;

      4) выгуливать домашних животных на территории, где разрешено купание людей;

      5) купать и мыть домашних животных на территории, где разрешено купание людей, в прудах, фонтанах и водозаборах;

      6) нахождение и содержание домашних животных на предприятиях общественного питания (кроме служебных собак и собак-поводырей для людей со слабым зрением), в торговых и производственных залах продовольственных магазинов сервисного обслуживания, культурных учреждениях (кроме случаев проведения выставок, зрелищных и массовых мероприятий с участием собак), религиозных организациях (объединениях), в помещениях детских, образовательных, медицинских организаций.