"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 197 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 130 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 244) тармақшамен толықтырылсын:

      "244) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 244) - қосымшаға сәйкес.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 244-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кадр және ішкі әкімшілендіру департаменті (Ғ.М. Аманов) және Техникалық инфрақұрылымды дамыту және қаржылық қамтамасыз ету департаменті (Қ.Ү. Маубаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ә.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасы
Ә. Алтынбаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
төрағасының
2022 жылғы 4 сәуірдегі
№ 197 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 522 бұйрығына
244-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы (бұдан әрі – БДБ) кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды заңнамада көрсетілген шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізілуіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қарау функцияларын жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау бойынша уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. БДБ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. БДБ мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. БДБ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан әрекет етеді.

      5. БДБ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

      6. БДБ өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте БДБ басшысы бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. БДБ құрылымы мен штат саны лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. БДБ заңды мекенжайы: пошта индексі 001000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже БДБ құрылтай құжаты болып табылады.

      11. БДБ қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. БДБ кәсіпкерлік субъектілермен БДБ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.

      13. Егер БДБ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. БДБ міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. БДБ міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету және жеңілдету үшін жағдай жасау;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар әзірлеуге қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

      15. БДБ функциялары:

      1) БДБ әкімшілендіретін тәуекел бейіндері бойынша электронды түрде тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі бойынша тауарларды кедендік тазартумен байланысты кедендік операциялар жасау;

      2) тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселесі бойынша әкімшілендіруді жетілдіру, мемлекеттік кірістер органдарымен Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;

      3) БДБ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің кедендік және өзге уәкілетті (мемлекеттік) органдармен, халықаралық ұйымдармен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік қызметтерімен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      4) БДБ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен, Еуразиялық экономикалық комиссиямен, шет мемлекеттердің кедендік және өзге құзыретті органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен құзырет шегінде өзара іс-қимыл жасау;

      5) кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;

      6) кедендік баждарды және салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарды өндіру, оларды есептеудің дұрыстығы және төлеудің уақыттылығын, есепке алуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіру бойынша шараларды қолдану;

      7) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру;

      8) автомобильдік және теміржол өткізу пункттерінде кедендік бақылау жүргізу кезінде Комитеттің аумақтық органдарының қызметіне мониторинг;

      9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы өткізу пунктерінде кедендік операциялар жүргізуге мониторинг;

      10) инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің (бұдан әрі – ИТК) суреттеріне қашықтықтан талдау жүргізу және осындай талдау негізінде шешімдер қабылдау;

      11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автокөлік құралдарының өту ағымының ұлғаюымен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы өткізу пункттерінде штаттан тыс жағдайларға байланысты туындаған автокөлік құралдарының жиналуына мониторинг;

      12) бейнежазбаларға мониторинг және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымдық тұлғаларымен кедендік жете тексеруді жүргізуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде ИТК қолдануына бақылау;

      13) қолданыстағы тәуекел бейіндерін жасау немесе тиісті өзгерістер енгізу туралы тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды жұмыс топтарына жолдай отырып, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тәуекелдер бейіндерін әзірлеу және өзектендіру;

      14) өткізу пункттерінде бақылау функцияларын орындау бойынша бақылаушы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      15) өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тиімділігіне мониторинг;

      16) кедендік бақылау нысандарын жүзеге асыру бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметін үйлестіру;

      17) кедендік бақылауды жүргізу барысында шетел мемлекеттерінің кеден қызметтерінің берілген Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттағы мәліметтермен Қазақстан Республикасының кедендік декларацияларында мәлімделген мәліметтерді салыстырулар жүргізу;

      18) жете тексеру үдерісінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бейнетіркеуіштермен (кеуделік видеожетондар) қолданумен кедендік жете тексеру жүргізуге мониторинг;

      19) тауарлардың кедендік құнының дұрыс айқындалуын тексеру, соның ішінде таңдалған әдістің және мәлімделетін кедендік құны құрылымның дұрыс қолданылуына және олардың негізінде тауарлардың кедендік құнын әкімшілендірудің деңгейін жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

      20) аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде тіркелген тауарларға арналған декларацияларға қатысты кедендік құнның, жеңілдіктер мен босатулар қолдану, сондай-ақ "Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесін" ақпараттық жүйесімен (АСТАНА-1 АЖ) белгіленген тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тауарларды жіктеуішінің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады;

      21) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 410-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізу;

      22) кедендік декларацияда мәлімденген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу;

      23) кедендік бақылау Кодексінің 410-бабына сәйкес жүзеге асырылатын және заңнамамен көзделген мерзімде аяқталмаған тауарларға арналған декларациялар бойынша Кодекстің 411-бабына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу;

      24) тауарларға арналған декларацияларды шығару БДБ бақылауында болған тауарларға арналған декларациялардың барлығын, оның ішінде Комитеттің аумақтық органдарымен бірлескен бақылау кезінде тауарларға арналған декларациялар бойынша БДБ жүзеге асырады;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде таураларға арналған декларацияларды шығарудан бас тарту;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларациялардың күшін жою;

      27) кедендік бақылау жүргізілудегі тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында кедендік сараптаманы және кедендік жете тексеруді (қарап тексеру) тағайындау;

      28) мәлімденген тауар кодының тауарға арналған декларацияның 33-бағанымен сәйкес келмеген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасы кодын жіктелгенінің дұрыстығын анықтау;

      29) тауарлар мен көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуімен байланысты кедендік операциялар бойынша бақылауды жүзеге асыру;

      30) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      16. БДБ құқықтары мен міндеттері.

      Құқықтар:

      1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен және аумақтық органдарынан және Комитеттің қарамағындағы ұйымдардан статистикалық, аналитикалық және өзге деректерді, құжаттарды, қорытындыларды және өзге де БДБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді сұрату және алу;

      2) Комитет басшылығына кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) Комитет басшылығының қарауына БДБ міндетін орындауды ұйымдастыру, Комитеттің БДБ және аумақтық органдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) Комитет басшылығының қарауына шетел кеден органдарымен кездесулер, келіссөздер жүргізу және БДБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олармен келісімдер жасау бойынша ұсыныстар жасау;

      5) шетел ұйымдарымен техникалық көмек және ынтымақтастықты қоса алғанда, кадрларды қайта даярлаудың қолданыстағы жүйесі мен нысаны арқылы БДБ жұмысшыларының біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) кедендік әкімшілендіруді жүргізу кезінде қолданылатын "жасанды интеллект" әзірлеуде қатысу;

      7) БДБ құзыретіне кіретін мәселелері бойынша аумақтық органдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын адамдардан, және тексерілетін адамдардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ БДБ функцияларды жүзеге асыру үшін құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      9) Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін міндетті тапсырмаларды жолдау, БДБ құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамамасының анықталған бұзушылықтарын жою шараларын қабылдау;

      10) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік бақылау жүргізу кезінде әртүрлі білім салаларының мамандарын тарту;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, құру, иелену және пайдалану;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Міндеттер:

      1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік саясатын іске асыруға қатысу;

      2) аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларына (тренингтерге), дөңгелек үстелдерге, кеңесші, сарапшы және жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БДБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы, объективті және жан-жақты қарау және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;

      4) құжаттарды есепке алуды және сақтауды жүзеге асыру, оларды БДБ мұрағатқа сақтауға бергенге дейін жай-күйі мен сақталуын бақылау;

      5) өз құзыреті шегінде мемлекеттің мүдделерін қорғау;

      6) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтау;

      7) тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жағдай жасау;

      8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одағының өзгерістер мен толықтырулар туралы және кеңес беруді бұқаралық ақпарат құралдыры арқылы нормативтік құқықтық актілерді жариялау, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдау жолымен тұрақты негізде қамтамасыз ету;

      9) БДБ құзыретіне кіретін мәселелері бойынша кедендік бақылау мен кедендік декларациялауды жетілдіруге жолданған, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Бірыңғай экономикалық кеңістігі шеңберінде шарттық-құқықтық қор шеңберінде актілерді әзірлеуге қатысу;

      10) мүдделі тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мәселелері және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беруді жүзеге асырады;

      11) қызметтік құжаттамаға толық сақтауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау;

      12) тауарларды кедендік бақылау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттан мәліметтерді қолдану;

      13) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың заңсыз өткізудің жолын кесу үшін кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселелерін әкімшілендіруді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      14) өткізу пункттері қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы, оның ішінде заңнаманы бұзушылықтары анықталған, сондай-ақ қашықтан мониторинг жасау нәтижелері бойынша қабылдаған шараларға талдау жүргізу;

      15) Комитет басшылығына күнделікті негізде БДБ және өткізу пункттері қызметінің негізгі көрсеткіштері, оның ішінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану, кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде анықталған кеден заңнамасын бұзушылықтар, қабылданған Кедендік бақылау шараларының нәтижелері бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу, сондай-ақ Кедендік бақылау нысандарын қолданудың тиімділігі туралы жиынтық ақпарат беру;

      16) БДБ құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмыстық сараптамалық топтарына, Комитеттің жұмыс тобына қатысу;

      17) Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БДБ құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты интернет-ресурсқа орналастыру;

      19) БДБ құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық органдарының қызметіне үйлестіру;

      20) Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде салық және кеден заңнамасын қолдану тәжірибесіне талдау және қорыту, сондай-ақ БДБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      21) Комитеттің аумақтық органдары, сыртқы экономикалық қатысушаларға БДБ құзыретіне кіретін және басқа да мәселелер бойынша тексеру жүргізу;

      22) мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және өзге де заңдармен қорғалатын құпияны (құпияларды), құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ, тексеруді жүзеге асыру кезінде белгілі болған басқа да құпия ақпаратты жария етпеу;

      23) стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеуге және іске асыруда қатысу, жоспар көрсеткіштерін орындау бойынша есептерді дайындау;

      24) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. БДБ қызметін ұйымдастыру

      17. БДБ басшылығын БДБ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басшы жүзеге асырады.

      18. БДБ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. БДБ басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. БДБ басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, БДБ құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      2) БДБ штат санының лимиті шегінде БДБ штат кестесін бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БДБ қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тәртіптік жауаптылық шараларын қолданады;

      5) БДБ құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте БДБ басшыларының орынбасарларын, БДБ қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауаптылықта болады;

      8) Комитетке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауапкершілікте болады;

      9) БДБ құзыреті шегінде құқықтық актілерге қол қояды;

      10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда БДБ атынан шығады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      БДБ басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. БДБ мүлкі

      21. БДБ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

      БДБ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. БДБ бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, БДБ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. БДБ қайта ұйымдастыру және тарату

      24. БДБ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 522 "Об утверждении положений Департаментов государственных доходов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам республиканского значения и столицы и их территориальных органов"

Приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2022 года № 197

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 2022 года № 130 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 522 "Об утверждении положений Департаментов государственных доходов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам республиканского значения и столицы и их территориальных органов" следующие дополнения:

      пункт 1 дополнить подпунктом 244) следующего содержания:

      "244) Положение о Главном диспетчерском управлении Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 244 к настоящему приказу.";

      дополнить приложением 244 в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Юридическому управлению Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Абдрахманов О.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить направление копии настоящего приказа на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Департаменту кадров и внутреннего администрирования (Аманов Г.М.) и Департаменту развития технической инфраструктуры и финансового обеспечения Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Маубаев К.У.) в установленном законодательством порядке принять меры, необходимые для реализации настоящего приказа.

      4. Организационно-контрольному управлению Департамента кадров и внутреннего администрирования Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Кабдуакасов А. Ы.) обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Председатель Комитета
государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан
А. Алтынбаев

  Приложение
к приказу Председателя
Комитета
государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан
от 4 апреля 2022 года
№ 197
  Приложение 244
к приказу Председателя
Комитета
государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан
от 7 сентября 2016 года
№ 522

Положение о Главном диспетчерском управлении Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Главное диспетчерское управление Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – ГДУ) является территориальным органом Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет), уполномоченным на выполнение функций государственного управления и контроля в сфере таможенного дела, по обеспечению полноты и своевременности поступлений налогов, таможенных и других обязательных платежей в бюджет, участие в реализации политики в сфере таможенного дела, участие в разработке и реализации таможенного регулирования в Республике Казахстан отношений, связанных с перемещением товаров через таможенную границу Евразийского экономического союза, их перевозкой по единой таможенной территории Евразийского экономического союза под таможенным контролем, временным хранением, таможенным декларированием, выпуском и использованием в соответствии с таможенными процедурами, проведении таможенного контроля, властных отношений между органами государственных доходов и лицами, реализующими права владения, пользования и распоряжения указанными товарами в пределах, предусмотренных законодательством, а также по выявлению и рассмотрению административных правонарушений, отнесенных законодательством Республики Казахстан к ведению этого органа, и иных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2. ГДУ осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. ГДУ является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

      4. ГДУ вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. ГДУ выступает стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. ГДУ по вопросам своей компетенции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые приказами Руководителя ГДУ.

      7. Структура и лимит штатной численности утверждается в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Юридический адрес ГДУ: почтовый индекс 010000, Республика Казахстан, город Нур-Султан, проспект Женіс, 11.

      9. Полное наименование государственного органа – республиканское государственное учреждение "Главное диспетчерское управление Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом ГДУ.

      11. Финансирование деятельности ГДУ осуществляется из республиканского бюджета.

      12. ГДУ запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями ГДУ.

      13. Если ГДУ законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.

2. Задачи, функции, права и обязанности ГДУ

      14. Задачи ГДУ:

      1) защита национальной безопасности Республики Казахстан, жизни и здоровья человека, животного и растительного мира, окружающей среды;

      2) создание условий для ускорения и упрощения перемещения товаров через таможенную границу Евразийского экономического союза;

      3) обеспечение выполнения международных обязательств Республики Казахстан и участие в разработке международных договоров Республики Казахстан в сфере таможенного дела;

      4) выполнение иных задач, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции ГДУ:

      1) совершение таможенных операций, связанных с таможенной очисткой товаров по таможенной процедуре выпуска для внутреннего потребления в электронной форме по профилям риска, администрируемым ГДУ;

      2) совершенствование администрирования по вопросам определения таможенной стоимости товаров, обеспечение соблюдения органами государственных доходов таможенного законодательства Евразийского экономического союза, таможенного законодательства Республики Казахстан и иного законодательства Республики Казахстан;

      3) обеспечение сотрудничества с таможенными и иными уполномоченными (государственными) органами иностранных государств, международными организациями, таможенными службами государств-членов Евразийского экономического союза по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      4) взаимодействие в пределах компетенции с международными организациями, Евразийской экономической комиссией, таможенными и иными компетентными органами иностранных государств, а также с государственными органами Республики Казахстан, по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      5) совершение таможенных операций и проведение таможенного контроля, в том числе в рамках оказания взаимной административной помощи;

      6) взимание таможенных платежей и налогов, а также специальных, антидемпинговых и компенсационных пошлин, контроль правильности их исчисления и своевременности уплаты, зачет (возврат) и принятие мер по их принудительному взысканию;

      7) осуществление таможенного контроля за товарами и транспортными средствами, перемещаемыми через таможенную границу Евразийского экономического союза;

      8) мониторинг деятельности территориальных органов Комитета при осуществлении таможенного контроля в автомобильных и железнодорожных пунктах пропуска;

      9) мониторинг совершения таможенных операций в пунктах пропуска на таможенной границе Евразийского экономического союза;

      10) дистанционный анализ снимков инспекционно-досмотрового комплекса (далее – ИДК) и принятие решений на основании такого анализа;

      11) мониторинг скопления автотранспортных средств, образовавшихся в связи с увеличением потоков прохождения автотранспортных средств через таможенную границу Евразийского экономического союза, а также внештатных ситуаций в пунктах пропуска на таможенной границе Евразийского экономического союза;

      12) мониторинг видеозаписей и контроль проведения таможенных досмотров должностными лицами органов государственных доходов и применения ИДК в пунктах пропуска на таможенной границе Евразийского экономического союза;

      13) разработка и актуализация профилей рисков, по вопросам, входящим в компетенцию, с направлением предложений в рабочую группу по развитию системы управления рисками о создании либо внесении соответствующих изменений в действующие профили риска;

      14) взаимодействие с контролирующими государственными органами по выполнению контрольных функций в пунктах пропуска;

      15) мониторинг эффективности применения технических средств таможенного контроля в пунктах пропуска;

      16) координация деятельности территориальных органов Комитета по осуществлению форм таможенного контроля;

      17) проведение в ходе таможенного контроля сопоставления сведений из предварительной информации о товарах и транспортных средствах, перемещаемых через таможенную границу Евразийского экономического союза, предоставляемых таможенными службами иностранных государств со сведениями, заявленными в таможенных декларациях Республики Казахстан;

      18) мониторинг проведения таможенного досмотра с использованием видеорегистраторов (нагрудных видеожетонов) для обеспечения достоверности процесса досмотра;

      19) проверка правильности определения таможенной стоимости товаров, в том числе правильности применения выбранного метода и структуры заявляемой таможенной стоимости и выработка на их основе рекомендаций по улучшению уровня администрирования таможенной стоимости;

      20) осуществление таможенного контроля таможенной стоимости, правильности применения льгот и освобождений, а также классификации товаров на основе системы управления рисками, установленной информационной системой "Автоматизированная система таможенного и налогового администрирования" (ИС АСТАНА-1), в отношении деклараций на товары, зарегистрированных в территориальных департаментах государственных доходов;

      21) проведение таможенного контроля в форме проверки таможенных, иных документов и (или) сведений в соответствии со статьей 410 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" (далее – Кодекс);

      22) внесение изменений (дополнений) в сведения, заявленные в таможенной декларации;

      23) проведение таможенного контроля в соответствии со статьей 411 Кодекса по декларациям на товары, по которым таможенный контроль осуществляемым в соответствии со статьей 410 Кодекса и не завершенным в сроки, установленные законодательством;

      24) выпуск декларации на товары осуществляется ГДУ по всем декларациям на товары, находящимся на контроле в ГДУ, в том числе по декларациям на товары при совместном контроле с территориальным органом Комитета;

      25) отказ в выпуске декларации на товары в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      26) аннулирование декларации на товары в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      27) назначение таможенной экспертизы и таможенного досмотра (осмотра) в целях проверки и (или) получения сведений о товарах, в отношении которых проводится таможенный контроль;

      28) определение достоверности классификации кода Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза при несоответствии заявленного кода товара с графой 33 декларации на товары;

      29) осуществления контроля по таможенным операциям, связанным с перемещением товаров и транспортных средств через таможенную границу Евразийского экономического союза;

      30) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      16. Права и обязанности ГДУ:

      Права:

      1) запрашивать и получать от структурных подразделений и территориальных органов Комитета и организаций, находящихся в ведении Комитета, необходимые статистические, аналитические и другие данные, документы, заключения и иные сведения, необходимые для принятия решения по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      2) вносить руководству Комитета предложения по вопросам совершенствования таможенного дела;

      3) вносить на рассмотрение руководства Комитета предложения по организации выполнения задач ГДУ, совершенствованию деятельности ГДУ и территориальных органов Комитета;

      4) вносить на рассмотрение руководства Комитета предложения по проведению встреч, переговоров с таможенными органами зарубежных стран и заключения с ними соглашений по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      5) вносить предложения по повышению квалификации работников ГДУ через действующие системы и формы переподготовки кадров, включая техническую помощь и сотрудничество с зарубежными организациями;

      6) принятие участия в разработке "искусственного интеллекта", применяемого при проведении таможенного администрирования;

      7) оказание методической и практической помощи территориальным органам Комитета по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      8) запрашивать и получать от государственных органов Республики Казахстан и органов иностранных государств, декларантов, лиц, осуществляющих деятельность в сфере таможенного дела, и проверяемых лиц необходимую информацию, а также документы и сведения, необходимые для осуществления функций ГДУ;

      9) направлять территориальным органам Комитета обязательные для исполнения поручения, принимать меры к устранению выявленных нарушений таможенного законодательства Евразийского экономического союза и Республики Казахстан по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      10) при проведении таможенного контроля привлекать специалистов различных областей знаний в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;

      11) разрабатывать, создавать, приобретать и эксплуатировать информационные системы, системы связи и системы передачи данных, технические средства таможенного контроля, а также средства защиты информации в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      12) осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Обязанности:

      1) участие в реализации таможенной политики Республики Казахстан, в пределах своей компетенции;

      2) участие в обучающих семинарах (тренингах), круглых столах для работников территориальных органов государственных доходов, государственных органов и других организаций, в работе совещательных, экспертных и рабочих групп;

      3) своевременно, объективно и всесторонне рассматривать обращения физических и юридических лиц по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан и принимать меры по устранению выявленных недостатков;

      4) осуществлять учет и хранение документов, контроль за состоянием и сохранностью до передачи их на хранение в архив ГДУ;

      5) защищать в пределах своей компетенции интересы государства;

      6) соблюдать законные права декларантов и лиц, осуществляющих деятельность в сфере таможенного дела;

      7) обеспечение соблюдения прав и законных интересов лиц при перемещении такими лицами товаров через таможенную границу Евразийского экономического союза и создание условий для ускорения товарооборота через таможенную границу Евразийского экономического союза;

      8) обеспечение на постоянной основе своевременного информирования и проведение консультативно-разъяснительной работы среди участников внешнеэкономической и иной деятельности в сфере таможенного дела об изменениях и дополнениях в таможенном законодательстве Республики Казахстан и (или) Евразийского экономического союза путем опубликования нормативных правовых актов в средствах массовой информации, а также с использованием информационно-коммуникационных технологий;

      9) участвовать в разработке правовых актов по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ, направленных на совершенствование таможенного контроля и таможенного декларирования, в том числе в рамках договорно-правовой базы Евразийского экономического союза и Единого экономического пространства;

      10) консультирование заинтересованных лиц по вопросам применения таможенного законодательства Евразийского экономического союза и (или) Республики Казахстан и иным вопросам, входящим в компетенцию органов государственных доходов, на безвозмездной основе;

      11) принятие мер по обеспечению полной сохранности служебной документации;

      12) использование сведений из предварительной информации о товарах и транспортных средствах, перемещаемых через таможенную границу Евразийского экономического союза, при таможенном контроле товаров;

      13) выработка предложений по совершенствованию администрирования вопросов организации таможенного контроля для пресечения незаконного перемещения товаров через таможенную границу Евразийского экономического союза;

      14) проведение анализа об основных показателях деятельности пунктов пропуска, в том числе выявленных нарушениях законодательства, а также принятых мерах по результатам дистанционного мониторинга;

      15) предоставление руководству Комитета на ежедневной основе сводной информации об основных показателях деятельности ГДУ и пунктов пропуска, в том числе выявленных нарушениях таможенного законодательства при применении технических средств таможенного контроля, проведении таможенных досмотров, дополнительных начислений таможенных платежей и налогов по результатам принятых мер таможенного контроля, а также эффективности применения форм таможенного контроля;

      16) участие в рабочих экспертных группах государств-членов Евразийского экономического союза, в рабочих группах Комитета по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      17) участие в совершенствовании и реализации таможенного регулирования в Республике Казахстан;

      18) размещать на интернет-ресурсе информацию в соответствии с законодательством Республики Казахстан по вопросам, относящимся к компетенции ГДУ;

      19) координировать деятельность территориальных органов Комитета по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      20) анализировать и обобщать практику применения таможенного законодательства Евразийского экономического союза и Республики Казахстан, таможенного законодательства иностранных государств, а также вносить предложения по совершенствованию таможенного законодательства Евразийского экономического союза и Республики Казахстан по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      21) проводить проверки территориальных органов Комитета, участников внешнеэкономической и иной деятельности по вопросам, входящим в компетенцию ГДУ;

      22) не разглашать конфиденциальные сведения и сведения, составляющие государственную, коммерческую, банковскую, налоговую и иную охраняемую законами тайну (секреты), ставшие известными при осуществлении проверок;

      23) участвовать в разработке и реализации стратегического и операционного планов, подготовке отчетов по исполнению показателей плана;

      24) осуществлять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности ГДУ

      17. Руководство ГДУ осуществляется Руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на ГДУ задач и осуществление им своих функций.

      18. Руководитель ГДУ назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Руководитель ГДУ имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Руководитель ГДУ осуществляет следующие полномочия:

      1) определяет обязанности и полномочия своих заместителей, руководителей, работников структурных подразделений ГДУ;

      2) утверждает штатное расписание ГДУ в пределах лимита штатной численности ГДУ;

      3) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей работников ГДУ;

      4) принимает меры дисциплинарной ответственности в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      5) утверждает положения о структурных подразделениях ГДУ;

      6) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования заместителей руководителя ГДУ, работников ГДУ;

      7) несет персональную ответственность по противодействию коррупции;

      8) несет персональную ответственность за достоверность информации, предоставляемой в Комитет;

      9) в пределах компетенции подписывает акты ГДУ;

      10) представляет ГДУ во всех государственных органах и иных организациях;

      11) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий Руководителя ГДУ в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество ГДУ

      21. ГДУ имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество ГДУ формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за ГДУ, относится к республиканской собственности.

      23. ГДУ не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и ликвидация ГДУ

      24. Реорганизация и упразднение ГДУ осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.