"Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 244 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 02 тамыздағы № 196 шешімі жойылсын.

      3. Осы шешiм қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
37 сессиясының № 244 шешімімен
бекітілген

"Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Сәтбаев қалалық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 101302, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы,108.

      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) қалалық мәслихаттың және депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;

      2) депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету;

      3) қалалық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

      4) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан әкімдері (қаладағы әрбір аудан бойынша жеке-жеке) іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

      1-2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;

      1-3) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

      1-4) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;

      1-5) қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;

      1-6) жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;

      1-7) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;

      1-8) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

      1-9) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамалық актiсiне сəйкес аумақтық жəне учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;

      1-10) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;

      1-11) әкімнің ұсынысы бойынша "Қаланың құрметті азаматы" атағын беру;

      1-12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту;

      1-13) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      1-14) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

      1-15) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

      1-16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

      1-17) Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту;

      1-18) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау;

      1-19) Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту;

      1-20) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.

      2) міндеттері:

      2-1) Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады;

      2-2) мәслихат төрағасын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;

      2-3) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;

      2-4) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;

      2-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;

      2-6) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;

      2-7) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;

      2-8) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды;

      2-9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;

      2-10) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;

      2-11) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;

      2-12) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

      2-13) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) мәслихат сессияларын өткізудің әзірлік және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету;

      2) жалпы отырыстарға, тұрақты және уақытша комиссиялар отырыстарына қатысу, қалалық мәслихат шешімдерін, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдерінің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;

      3) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органына мемлекеттік тіркеуге ресімдеу және ұсыну;

      4) мәслихат Регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдер жинақтарын ресімдеу;

      5) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға әзірлеу және олардың орындалысына бақылау;

      6) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттар сауалдарының және өтініштерінің уақытылы қаралуына бақылау;

      7) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде депутаттар мен айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді қорыту және есепке алуды жүргізу;

      8) мәслихаттың шешімдері мен өзге де құжаттардың таратылуын қамтамасыз ету;

      9) мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;

      10) қаланың сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұйымдастырушылық жұмыстар;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және мәслихаттың шешімдерімен оған жүктелген басқа да функцияларды орындайды.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы жүзеге асырады.

      17. Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      18. Сәтбаев қалалық мәслихаты төрағасының орынбасарлары болмайды.

      19. Сәтбаев қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігі:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      9) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және қалалық мәслихаттың шешімдерімен оған жүктелген басқа да функцияларды орындайды.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын қалалық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Сатпаевского городского маслихата"

Решение Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 28 декабря 2022 года № 244

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Сатпаевского городского маслихата".

      2. Отменить решение Сатпаевского городского маслихата от 02 августа 2022 года № 196 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Сатпаевского городского маслихата".

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его подписания.

      Секретарь городского маслихата Т. Хмилярчук

  Утверждено
решением 37 сессии
Сатпаевского городского маслихата
от 28 декабря 2022 года № 244

Положение государственного учреждения "Аппарат Сатпаевского городского маслихата"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Сатпаевского городского маслихата" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере: организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Сатпаевского городского маслихата, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Государственное учреждение не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя городского маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, индекс 101302, область Ұлытау, город Сатпаев, проспект Академика Каныша Сатпаева, 108.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.

      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) осуществление организационного, правового, материально-технического обеспечения деятельности городского маслихата и депутатов;

      2) оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий;

      3) обеспечение соблюдения законности в деятельности городского маслихата;

      4) содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов.

      14. Полномочия:

      1) права:

      1-1) утверждение планов, экономических и социальных программ развития соответствующей территории, местного бюджета и отчетов об их исполнении, в том числе утверждение бюджетных программ, реализуемых акимами района в городе (отдельно по каждому району в городе);

      1-2) утверждение по представлению акима схемы управления административно-территориальной единицей, сформированной на основе базовых структур местного государственного управления, утверждаемых Правительством Республики Казахстан, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан;

      1-3) решение отнесенных к их ведению вопросов местного административно-территориального устройства;

      1-4) утверждение правил подготовки и проведения отопительного сезона;

      1-5) утверждение правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов;

      1-6) утверждение правил содержания и защиты зеленых насаждений;

      1-7) согласование решением сессии маслихата персонального состава соответствующего акимата по представлению акима;

      1-8) рассмотрение отчетов руководителей исполнительных органов и внесение в соответствующие органы представлений о привлечении к ответственности должностных лиц государственных органов, а также организаций за невыполнение решений маслихата;

      1-9) избрание в соответствии с законодательным актом Республики Казахстан о выборах членов территориальных и участковых избирательных комиссий путем проведения тайного или открытого голосования;

      1-10) утверждение по представлению акима персонального состава консультативно-совещательных органов при акимате по вопросам межведомственного характера;

      1-11) присвоение по представлению акима звания "Почетный гражданин города";

      1-12) утверждение правил присвоение звания "Почетный гражданин области (города, района)", разработанных и представленных акиматом области, города республиканского значения, столицы;

      1-13) разработка и утверждение положения о награждении Почетной грамотой области (города, района);

      1-14) осуществление регулирования земельных отношений в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан;

      1-15) содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;

      1-16) осуществление в соответствии с законодательством Республики Казахстан иных полномочий по обеспечению прав и законных интересов граждан;

      1-17) к компетенции маслихата района (города областного значения) относится утверждение бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа и отчета о его исполнении;

      1-18) к компетенции маслихатов областей, городов республиканского значения, столицы, районов (городов областного значения) относится определение размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов;

      1-19) к компетенции маслихатов городов республиканского значения, столицы, районов (городов областного значения) относится утверждение ставок туристского взноса для иностранцев;

      1-20) маслихат района (города областного значения) вправе запрашивать информацию от ревизионной комиссии области о проведенных контрольных мероприятиях по вопросам исполнения бюджета соответствующего района (города областного значения).

      2) обязанности:

      2-1) маслихаты не реже одного раза в год отчитываются перед населением о проделанной работе маслихата, деятельности его постоянных комиссий. Депутаты маслихата несут ответственность перед населением в соответствии с законами Республики Казахстан;

      2-2) избирает и освобождает от должности председателя маслихата и заслушивает его отчеты;

      2-3) формирует постоянные комиссии и иные органы маслихата, избирает и освобождает от должности их председателей, заслушивает отчеты об их работе;

      2-4) определяет расходы на обеспечение деятельности маслихата;

      2-5) утверждает структуру аппарата маслихата и определяет расходы на его содержание и материально-техническое обеспечение в пределах установленного законодательством Республики Казахстан лимита численности и ассигнований. Лимит штатной численности государственных служащих аппарата маслихата устанавливается, исходя из численности депутатов соответствующих маслихатов, в соотношении один работник к пяти депутатам, но не менее пяти;

      2-6) утверждает регламент маслихата;

      2-7) рассматривает запросы депутатов и принимает по ним решения;

      2-8) принимает иные решения по организации его работы;

      2-9) контроль за исполнением местного бюджета, программ развития территорий;

      2-10) рассмотрение годового отчета об исполнении бюджета ревизионных комиссий областей, городов республиканского значения, столицы;

      2-11) внесение предложений в ревизионные комиссии областей, городов республиканского значения, столицы для включения объектов государственного аудита и финансового контроля в план работ ревизионных комиссий;

      2-12) образование постоянных комиссий и иных органов маслихата, заслушивание отчетов об их деятельности, решение иных вопросов, связанных с организацией работы маслихата;

      2-13) осуществление организационного обеспечения деятельности Общественного совета.

      15. Функции:

      1) обеспечение подготовительной и организационно-технической работы проведения сессий маслихата;

      2) участие на пленарных заседаниях, заседаниях постоянных и временных комиссий, оказание помощи депутатам в вопросах подготовки проектов решений, заключений комиссий и решений маслихата;

      3) оформление и представление на государственную регистрацию в органы юстиции решений сессий маслихата, носящих нормативно-правовой характер, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      4) оформление протоколов сессий, сборников решений в соответствии с Регламентом маслихата;

      5) подготовка материалов сессий к публикации в средствах массовой информации и контроль за их исполнением;

      6) осуществление организационного, правового, материально технического и иного обеспечения депутатского корпуса, содействие депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказание консультативной и методической помощи, контроль своевременности рассмотрения их запросов и обращений;

      7) ведение учета и обобщение предложений и замечаний, высказываемых депутатами при осуществлении ими своих полномочий;

      8) обеспечение рассылки решений и других документов маслихата;

      9) документационное обеспечение деятельности маслихата;

      10) организационные работы по формированию составов избирательных комиссий города;

      11) выполнение других функций, возложенных на него законодательными актами Республики Казахстан и решениями маслихата.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем – председателем Сатпаевского городского маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.

      17. Председатель Сатпаевского городского маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.

      18. Председатель Сатпаевского городского маслихата не имеет заместителей.

      19. Полномочия председателя Сатпаевского городского маслихата:

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;

      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      5) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      6) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;

      7) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      8) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;

      9) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      10) выполняет иные полномочия, предусмотренные настоящим Законом, законодательством Республики Казахстан, регламентом и решением маслихата.

      Исполнение полномочий председателя Сатпаевского городского маслихата в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Аппарат государственного учреждения возглавляется руководителем аппарата городского маслихата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.

      23. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.