Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес және "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 9-10/1297 хаты негізінде Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Теміртау қаласының аумағында жеткізуші газ құбырын жобалау және салу үшін, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, жалпы ауданы 4,4815 га жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | О. Таурбеков |