Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Ю. Циолковскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | А. Халтонов |
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 18/07 қаулысымен бекітілген |
"Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесі, 101 құрылыс.
9. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) Шахтинск қаласы аумағында шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау;
2) Шахтинск қаласының аумағында инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
3) экономиканың басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады;
4) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық және өзге де мемлекеттік бағдарламаларды, қаланың агроөнеркәсіптік кешенінде Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту стратегиясын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
7) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
8) өз қызметі саласында заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттерді орындау болып табылады.
14. Өкілеттіктер
1) құқықтар:
- мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
- мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша ақпараттық деректердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
2) міндеттері:
- қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;
- Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
- тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын, оның ішінде бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін тұрақты бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етеді.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
15. Функциялар:
1) кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы ахуалды зерделеу, талдау және болжау;
2) өз құзыреті шегінде индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
4) инвестициялар, оның ішінде шетелдік инвестициялар тарту үшін кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті қолдауға және дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады;
5) экономикалық жағдайды, еңбек нарықтарының, капиталдың және тауарлардың жай-күйін талдауды жүзеге асыру, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бағалау;
6) кәсіпкерліктің, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын дайындауға қатысу;
7) тауар нарықтарындағы сұраныс пен ұсынысты, қаланың сауда конъюнктурасы мен тұтыну нарығының жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмысты үйлестіру, оны дамыту жөнінде ұсынымдар мен болжамдар әзірлеу;
8) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезінде сауда және тамақтану қызметін үйлестіру;
9) инновациялық және инвестициялық жобаларды, қалдықсыз және ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеуге, енгізуге және ілгерілетуге қатысу;
10) инвестициялық және инновациялық саясатты, инвестициялық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру;
11) кәсіпкерлікке, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қаржылық, техникалық және консультациялық көмек көрсету мәселелерінде халықаралық және отандық қаржы институттарымен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
12) агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және орнықты Агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту;
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту, қаланы азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етудегі қолда бар өндірістік әлеует пен мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
14) азық-түлік қорын қалыптастыруға жәрдемдесу және оны ұтымды пайдалану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;
15) қалада азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу;
16) ауыл шаруашылығы өнімінің, шикізат пен азық-түліктің дамыған нарықтарын қалыптастыру;
17) мал мен құс басын сақтауға және өсіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
18) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
19) кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді қорғау, қолдау және дамыту проблемалары бойынша заңнамалық және нормативтік актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеу;
20) Кәсіпкерлік және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
21) халық, кәсіпкерлер арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
22) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;
23) бөлімнің құзыретіне кіретін сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
24) азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын және жеке өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
25) мекеме қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің біліктілігін арттыру, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту процестерін басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
26) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мен сауда үстемесінің мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
27) Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
28) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде белгіленген тәртіппен жетекшілік ететін бағыттар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыру;
29) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
30) мемлекеттік мекеменің қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
31) көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 22.06.2023 № 29/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы.
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;;
3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
6) шарттар жасасады;
7) банк шоттарын ашады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауаптылықта болады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлік.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.