Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Meld" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 1886,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 30 наурызына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі №39/11 қаулысына қосымша |
"Meld" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 1886,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 30 наурызына дейін жария сервитут белгілеу кестесі
№ | Атауы | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га | Оның ішінде | |
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га | Өнеркәсіп көлік, байланыс жерлері га | |||
1 | Ауданның жер қоры | 1061,7247 | 1061,7247 | 0 |
2 | Р.Науанованың "Науан" шаруа қожалығының жерлері (09-102-040-184) | 309,9338 | 309,9338 | 0 |
3 | М.Абишевтің "Мәди" шаруа қожалығының жерлері (09-102-040-549) | 514,3415 | 514,3415 | 0 |
4 | Барлығы | 1886,0 | 1886,0 | 0 |