"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 95/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12265 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.";

      аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мынадай: барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін өзге де аса қауіпті қылмыстардың жолын кесу, мемлекеттік құпияларды қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) аумақтық органы болып табылады және Астана қаласының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша уәкілетті орган.";

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.

      Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) Алматы аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Алматы ауданы;

      2) Есіл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Есіл ауданы;

      3) Сарыарқа аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Сарыарқа ауданы;

      4) Байқоңыр аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Байқоңыр ауданы.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, 21.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      13-тармақта 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Астана қаласы аумағындағы терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;";

      14-тармақ 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласының аумағында шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып шаралар қабылдау;";

      15-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) терроризмге және экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған өзге де іс-әрекетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік органдардың терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл салаларындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастыру;";

      16) мен 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау;

      17) басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Астана қаласының аумағында шет мемлекеттердің өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) Астана қаласының аумағында террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) Астана қаласының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылау;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзімде хабардар етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 "Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Нур-Султану"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 19 декабря 2022 года № 95/қе

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 "Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Нур-Султану" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12265):

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемое Положение о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане.";

      в Положении о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Нур-Султану, утвержденном указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Положение о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане (далее – Департамент) является территориальным органом Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – КНБ), осуществляющим руководство в сферах: разведывательной, контрразведывательной, оперативно-розыскной деятельности, пресечения актов терроризма и иных особо опасных преступных посягательств на личность, общество и государство, защиты государственных секретов, и уполномоченным органом по защите государственных секретов на территории города Астаны.";

      пункты 7, 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "7. Структура и лимит штатной численности Департамента утверждаются Председателем КНБ в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Департамент состоит из управлений, отделов, групп, образующих его структуру. В его состав входят следующие обособленные структурные подразделения:

      1) Алматинский районный отдел. Зона обслуживания – Алматинский район города Астаны;

      2) Есильский районный отдел. Зона обслуживания – Есильский район города Астаны;

      3) Сарыаркинский районный отдел. Зона обслуживания – Сарыаркинский район города Астаны;

      4) Байконурский районный отдел. Зона обслуживания – Байконурский район города Астаны.

      8. Местонахождение юридического лица: 010000, Республика Казахстан, город Астана, улица Алиби Джангильдина, 21.

      9. Полное наименование государственного органа – республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане".";

      подпункт 5) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "5) координация деятельности в сфере противодействия терроризму и экстремизму на территории города Астаны;";

      абзац десятый подпункта 2) пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "принимать во взаимодействии с другими компетентными органами меры по обеспечению безопасности представительств иностранных государств и международных организаций на территории города Астаны;";

      в пункте 15:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) разработка и реализация мер по противодействию терроризму и экстремизму, иной деятельности, направленной на насильственное изменение конституционного строя, нарушение целостности и подрыв безопасности Республики Казахстан, осуществление координации деятельности государственных органов в сферах противодействия терроризму и экстремизму, организация проведения антитеррористических операций на территории города Астаны;";

      подпункты 16) и 17) изложить в следующих редакциях:

      "16) контроль за осуществлением деятельности в сфере противодействия терроризму на территории города Астаны;

      17) принятие во взаимодействии с другими компетентными органами мер по обеспечению безопасности представительств иностранных государств и международных организаций на территории города Астаны;";

      подпункт 23) изложить в следующей редакции:

      "23) осуществление анализа и прогнозирования террористических угроз на территории города Астаны;";

      подпункт 38) изложить в следующей редакции:

      "38) контроль исполнения на территории города Астаны системы правовых, административных, экономических, технических, программных и криптографических мер по защите государственных секретов;".

      2. Департаменту кадров Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего приказа направить его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Департаменту Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане в месячный срок известить соответствующие территориальные органы Министерства юстиции Республики Казахстан о внесенных изменениях, указанных в пункте 1 настоящего приказа.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан генерал-
лейтенант национальной безопасности
Е. Сагимбаев