Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық жер комиссиясының қорытындысы негізінде Пионер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 49 жыл мерзімге талшықты – оптикалық байланыс желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін алаңы Центральное ауылындағы алаңы 1.0 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің әкімінің 10.11.2022 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | О. Аманжол |