"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 03-09-906 ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4539 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы "30" желтоқсандағы № 704 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы "23" қазандағы № 334 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ
№ | Әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары | Барлық залалданған аумақ, гектар | Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар | |||
жатаған (қызғылт) кекіре | арам сояулар | калифорниялық қалқаншалы сымыр | қауын шыбыны | |||
1. | Арал ауданы | 94 | 16 | 1 | 4 | 73 |
2. | Қазалы ауданы | 237 | 11 | 11 | 5 | 210 |
3. | Қармақшы ауданы | 212,5 | 10 | 80 | 2,5 | 120 |
4. | Жалағаш ауданы | 287,02 | 40 | 71,02 | 9 | 167 |
5. | Сырдария ауданы | 428 | 40 | 235 | 5 | 148 |
6. | Шиелі ауданы | 870 | 110 | 95 | 5 | 660 |
7. | Жаңақорған ауданы | 665 | 20 | 285 | 5 | 355 |
8. | Қызылорда қаласы | 60,4 | 23 | 0,9 | 10 | 26,5 |
Барлығы | 2853,92 | 270 | 778,92 | 45,5 | 1759,5 |