"Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы №153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысы

      Жаңаөзен қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жаңаөзен қаласының әкімдігі 2018 жылғы 20 наурыздағы №153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде көрсетілген қаулымен бекітілген:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан-әрі Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет - порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы К. Кусайновқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі М. Ибағаров

О внесении измений в постановление акимата города Жанаозен от 20 марта 2018 года № 153 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима города Жанаозен" и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета"

Постановление акимата города Жанаозен Мангистауской области от 18 февраля 2022 года № 76

      Акимат города Жанаозен, ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Жанаозен от 20 марта 2018 года №153 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима города Жанаозен" и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3561) следущие изменения:

      в Типовой методике оценки деятельности админинстративных государтвенных служащих корпуса "Б", утвержденной указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" (далее - лицо), создается Комиссия по оценке (далее - Комиссия), рабочим органом которой является служба управления персоналом либо в случае ее отсутствия-иное структурное подразделение (лицо), на которое возложено исполнение обязанностей службы управления персоналом (кадровой службой) (далее - служба управления персоналом).

      Состав Комиссии определяется уполномоченным лицом. Количество членов Комиссии составляет не менее 5 человек.";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается службой управления персоналом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет - портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государтвенной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 40 настоящей Методики.";

      пункт 42 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Кусайнов К.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Жанаозен М. Ибагаров