Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 "Бейнеу ауданы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысы

      Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауданы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3568 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алып тасталсын.

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Әбілов

О внесении изменений в постановление акимата Бейнеуского района от 26 марта 2018 года № 39 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Бейнеуского района", аппаратов акимов сел, сельских округов Бейнеуского района, исполнительных органов, финансируемых из бюджета Бейнеуского района"

Постановление акимата Бейнеуского района Мангистауской области от 31 марта 2022 года № 144

      Акимат Бейнеуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Бейнеуского района "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса Б государственного учреждения "Аппарат акима Бейнеуского района", аппаратов акимов сел, сельских округов Бейнеуского района, исполнительных органов, финансируемых из бюджета Бейнеуского района" от 26 марта 2018 года № 39 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3568) следующие изменения:

      в Методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса Б государственного учреждения "Аппарат акима Бейнеуского района", аппаратов акимов сел, сельских округов Бейнеуского района, исполнительных органов, финансируемых из бюджета Бейнеуского района":

      в пункт 5 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 41 изложить в новой редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается отделом службы управления персоналом (кадровой службой) и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет - портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 40 настоящей Методики.";

      пункт 42 исключить.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Бейнеуского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      направление настоящего постановления на официальное опубликование;

      размещение на официальном интернет-ресурсе аппарата акима Бейнеуского района.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Бейнеуского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Бейнеуского района Б. Абилов