Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.А.Чукин) осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Әділет органдарында тіркеуден өткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ.Беков |
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы " 1 " ақпандағы | |
№ 17 қаулысымен бекітілген |
"Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме
Меншік түрі коммуналдық
Құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі
Орналасқан жері Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130300 Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, № 6 ғимарат
Құрық ауылы, 2022 жыл
"Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.
8. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 130300, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, №6 ғимарат.
9. Мемлекеттiк мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".
10. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. Миссиясы:
ауданаралық қоғамдық жолаушылар тасымалы, аудандық маңызы бар жолдар, коммуникациялар, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты, аудан аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) ауданның өмір тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
3) ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
4) аудан аумағындағы тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиумдар объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау;
5) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
7) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
8) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары, газбен, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау, су бұру, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу;
9) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) сумен қамту, тазарту, дренажды жүйелер, канализация, жылу, электр желілері объектілерін және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көріктендіру объектілерін салуды, қайта жаңартуды және жөндеуді ұйымдастыру;
2) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, аудан аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3) нормативтік-құқықтық актілермен ұсынылған өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің, аудан жолдарының, көріктендіру объектілерінің құрылысын салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылау;
5) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі салаларын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;
6) аудандық автомобиль жолдарының құрылысын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
7) аудан жолдары, көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;
8) көлік салаларын дамыту динамикасы туралы ақпаратты талдау және нақтылығын қамтамасыз ету;
9) көлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
10) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу;
11) аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін уәкілетті мемлекеттік органның бекітуіне ұсыну;
12) жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру;
13) заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желісіне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;
14) жол қызметін қаржыландыруға бағытталатын қаражаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
15) тұрақты жолаушылар маршруттарын ұйымдастыруға келісім –шарттар жасасу және келісу;
16) жылжымайтын мүліктің бастапқы объектілері ретінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді мемлекеттік тіркеу;
17) көп пәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау үшін көп пәтерлі тұрғын үй, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысын өткізу;
18) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту;
19) тұрғын үй инспекциясы Тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларында, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
20) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкінің құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланудағы жерлерді күтіп-ұстау бойынша шаралар қабылдау;
21) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған КПТҮ (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін анықтаумен) мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және КПТҮ орналасқан жер учаскесіне ҚР заңнамасында көзделген құжаттарды дайындау және дайындау бойынша шығыстарды, сондай-ақ тиісті өтініш келіп түскен жағдайда үй маңындағы жер учаскесіне тиісті құжаттар дайындауды және өтеуді қамтамасыз ету;
22) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну;
23) ТҚК қатысу шарттарын тіркеу;
24) коммуналдық қызмет көрсету ережелерін әзірлеу және бекіту;
25) жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған КПТҮ қасбеттерін, шатырын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеруді ұйымдастыру;
27) кондоминиум объектісі мен кондоминиум объектісінің маңындағы аумақта үй жайлар (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін сақтау;
28) тұрғын ғимараттарын, кондоминиум объектісінің маңындағы аумақты күтіп ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйді пайдалануды жүзеге асыратын азаматтарға кеңестік көмек көрсету;
29) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалдаушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;
30) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды, бөлуді қамтамасыз ету және апаттық, тозған тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
31) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтап, одан әрі оны ауданның коммуналдық меншігіне тапсыру;
32) қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алуды жүргізу;
33) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалға беруді немесе жекешелендіруді жүзеге асыру;
34) коммуналдық нысандар мен автокөлік жолдарының есебін жүргізу;
35) коммуналдық меншік объектілеріне жерге орналастыру жобасын, мемлекеттік актісін, техникалық төлқұжатын дайындау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;
36) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіріруге бағытталған шараларды қолданады;
37) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
38) "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;
39) бағынысты бөлімшелердің даму жоспарын жүзеге асыруын бақылау және талдау;
40) мемлекеттік тұрғын үй қорының және коммуналдық нысандар мен автокөлік жолдарының бухгалтерлік есебін жүргізу, балансқа қабылдауды жүзеге асыру, нысандардың баланстық және қалдық құнын шығару бойынша заңдылыққа сай тиісті құжаттарын рәсімдеу;
41) бюджет қаржысының өз мақсатына жұмсалуын және бюджеттік ерекшеліктер бойынша толық игерілуін қамтамасыз ету, бағдарламалар бойынша қаралған бюджет қаражаттарының игерілуіне байланысты тиісті құжаттарды жинақтау, конкурс немесе тендерді мерзімінде өткізуді ұйымдастыру;
42) мемлекеттік органның кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "Е-қызмет" дербес басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
43) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
44) қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
45) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығаруды жүзеге асыру;
46) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қарақия ауданының аумағында тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында, сумен жабдықтау және су бұру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғауға;
3) көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы аудан әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;
4) тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының және коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жәй күйіне қадағалауды жүзеге асыруға;
5) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;
6) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
7) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
8) тексеріс жүргізу уақытында тексерілетін нысанның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
9) тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
10) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасауға;
11) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
12) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.
3. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұйымдастыру
18. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
19. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
6) шарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
9) қызметкерлерді іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
12) ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және босатады, оларды аттестаттаудан өткізеді;
13) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
14) қызметтің тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
24. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.
6. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
25. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
26. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
7. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тұрмыс-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.