Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 77-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде көрсетілген қаулымен бекітілген:
5 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
41 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының басшысы Е. Оспанға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Е. Күмісқалиев |