"Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 6 қаңтардағы
  № 5 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ішкі және жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Басқарма "Қостанай таңы" газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарманың егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) азаматтық бірегейлік пен Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлт бірлігін, қоғамды топтастыруды нығайту бөлігінде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру, Басқарманың құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) этносаралық келісімді, толеранттылықты, диаспоралдық саясатты нығайту және отандастармен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жастардың волонтерлік қызметі мен жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді нығайту жөнінде шаралар қабылдау бөлігінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      4) Қостанай облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге, Басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;

      тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Басқарманың қызмет саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;

      қарамағында ішкі саясат саласындағы мәселелер және Басқарма құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;

      қызметті стратегиялық, операциялық жоспарларға, сондай-ақ Басқарманың жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыруға;

      2) міндеттері:

      өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) Басқарманың құзыретіне жатқызылған құзыреттер шегінде жастар және ішкі саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) Басқарманың құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру, "Рухани жаңғыру" арнайы жобаларын іске асыру бойынша мемлекеттік және басқа да мүдделі органдарға әдіснамалық көмек көрсету, облыстық ақпараттық топтың қызметін ұйымдастыру;

      4) өз құзыреті шегінде "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының арнайы жобаларын жүзеге асыру. "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің жұмысын үйлестіру;

      5) саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      6) мемлекеттік органдардың мемлекеттік рәміздерді кеңінен танымал ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу;

      7) азаматтық қоғам институттарының қоғамдық-саяси процестерді басқаруға қатысуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс - қимыл тетіктерін іске асыру;

      8) Қостанай облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинау, қорыту және уәкілетті органға ұсыну;

      9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, Қостанай облысы аумағында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және оны жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын мониторингілеу және үйлестіру;

      10) облыстық және өңірлік деңгейлерде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің қызметін қамтамасыз ету;

      11) Қостанай облысының аумағында жұмыс істейтін саяси партиялардың филиалдары туралы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және мәліметтерді қорыту;

      12) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

      13) Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне жастарды тарту бойынша жұмысты үйлестіру;

      14) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдау;

      15) жастардың азаматтық жауапкершілігі мен патриотизмін дамыту;

      16) мемлекеттік органдар мен жастардың, жастар ұйымдарының диалогын және өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған өңірлік жастар форумын өткізуді ұйымдастыру;

      17) Басқарманың құзыреттері шегінде гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      18) Қостанай облысының аумағында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

      19) Қостанай облысында мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

      20) Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      21) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      22) мемлекеттік органдардың ақпараттық саясат саласындағы қызметін үйлестіру, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, оның ішінде брифингтер өткізу арқылы бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың сындарлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      23) Қостанай облысының азаматтық қорғау ақпарат қызметінің жұмысын ұйымдастыру;

      24) телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасында хабар таратудың меншікті спутниктік жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле -, радиосигналын жеке қабылдауға арналған телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын және жабдықтарды таратуға тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      25) қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      26) облыста, оның ішінде этносаралық қатынастар саласында болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді, олардың даму үрдістерін тұтастай жүйелі, объективті зерделеуді, жинақтауды, талдауды және болжауды қамтамасыз ету;

      27) қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту және әлеуметтік шиеленіс ошақтарына жол бермеу, мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының сапасын арттыру бойынша басқарушылық шешім қабылдау үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу;

      28) облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру;

      29) Қостанай облысының аумағында тұратын қандастар мәселелері бойынша қызметті үйлестіру және ұйымдастыру;

      30) Басқарма құзыреті бойынша мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды дайындау және өткізу;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) құрылымды, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие болады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      8) Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление общественного развития акимата Костанайской области"

Постановление акимата Костанайской области от 6 января 2022 года № 5

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Управление общественного развития акимата Костанайской области".

      2. Государственному учреждению "Управление общественного развития акимата Костанайской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Костанайской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Костанайской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Мухамбетов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Костанайской области
  от 6 января 2022 года
  № 5

Положение о государственном учреждении "Управление общественного развития акимата Костанайской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление общественного развития акимата Костанайской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере реализации государственной внутренней и молодежной политики на территории Костанайской области.

      2. Управление имеет подведомственные организации:

      1) коммунальное государственное учреждение "Қоғамдық келісім" Управления общественного развития акимата Костанайской области;

      2) коммунальное государственное учреждение "Молодежный ресурсный центр Костанайской области" Управления общественного развития акимата Костанайской области.

      Управление осуществляет права владения и пользования государственной долей участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью "Редакция газеты "Қостанай таңы".

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 110000, Костанайская область, город Костанай, проспект Аль-Фараби, 66.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. В Управлении не допускается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) реализация государственной внутренней политики в части укрепления общественно-политической стабильности, единства нации, консолидации общества на основе формирования гражданской идентичности и долгосрочных приоритетов развития Казахстана, осуществление межотраслевой координации в сферах деятельности, отнесенных к компетенции Управления;

      2) реализация государственной политики в сфере укрепления межэтнического согласия, толерантности, диаспоральной политики и взаимодействия с соотечественниками;

      3) реализация государственной молодежной политики в части содействия развитию волонтерской деятельности молодежи и молодежного самоуправления, принятия мер по укреплению казахстанского патриотизма;

      4) реализация государственной информационной политики на территории Костанайской области.

      14. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, необходимую для выполнения своих функций, привлекать работников государственных органов и иных организаций к участию в подготовке вопросов, относящихся к компетенции Управления, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;

      вносить предложения акиму области по совершенствованию организации деятельности государственных органов в сфере внутренней политики, осуществлять подготовку информационно-аналитических и иных материалов по вопросам, относящимся к ведению Управления;

      давать поручения, относящиеся к сфере деятельности Управления, соответствующим государственным органам и должностным лицам, контролировать их исполнение, а также участвовать в мероприятиях, проводимых центральными и местными исполнительными органами;

      оказывать организационно-методическую, информационную и иную помощь должностным лицам государственных органов, в ведении которых находятся вопросы в сфере внутренней политики, и иные вопросы, входящие в компетенцию Управления;

      осуществлять деятельность в соответствии со стратегическим, операционным планами, а также с планами работы Управления;

      2) обязанности:

      обеспечивать исполнение требований действующего законодательства Республики Казахстан при осуществлении своей деятельности;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата Костанайской области.

      15. Функции:

      1) обеспечивает информационно-аналитическую, организационно-техническую деятельность консультативно-совещательных органов по вопросам молодежной и внутренней политики, в пределах компетенции Управления;

      2) оказывает информационную, консультативную, методическую поддержку государственным органам и иным организациям по вопросам, относящимся к компетенции Управления;

      3) оказывает методологическую помощь государственным и другим заинтересованным органам по разъяснению ежегодных Посланий Президента Республики Казахстан народу Казахстана, реализации спецпроектов "Рухани жаңғыру", организует деятельность областной информационной группы;

      4) реализует национальный проект "Ұлттық рухани жаңғыру", спецпроекты программы "Рухани жаңғыру" в пределах своей компетенции, координирует работу проектного офиса "Рухани жаңғыру";

      5) организует деятельность областной комиссии по реабилитации жертв политических репрессий;

      6) организует работу государственных органов по популяризации государственных символов и мониторинга по соблюдению законодательства Республики Казахстан в данной сфере;

      7) обеспечивает участие институтов гражданского общества в управлении общественно-политическими процессами, реализация механизмов взаимодействия государственных органов и гражданского сектора;

      8) сбор, обобщение и представление в уполномоченный орган сведений о неправительственных организациях, осуществляющих деятельность на территории Костанайской области;

      9) реализует государственный социальный заказ в пределах своей компетенции, мониторит и координирует работу государственных органов по формированию и реализации государственного социального заказа на территории Костанайской области;

      10) обеспечивает деятельность уполномоченных по взаимодействию с неправительственными организациями на областном и региональном уровнях;

      11) организует взаимодействие и обобщение сведений о филиалах политических партий, действующих на территории Костанайской области;

      12) координирует работу по вовлечению молодежи в социально-экономическую и общественно-политическую жизнь Костанайской области;

      13) обеспечивает проведение мониторинга и оценки потребностей молодежи для выявления и решения актуальных проблем, повышения эффективности реализации государственной молодежной политики;

      14) принимает меры по содействию развития волонтерской деятельности молодежи и молодежного самоуправления;

      15) развивает гражданскую ответственность и патриотизм молодежи;

      16) организует проведение регионального форума молодежи, направленного на обеспечение диалога и взаимодействие государственных органов и молодежи, молодежных организаций, выработку рекомендаций по совершенствованию государственной молодежной политики;

      17) реализует гендерную и семейно-демографическую политику в пределах компетенции Управления;

      18) реализует государственную информационную политику через региональные средства массовой информации на территории Костанайской области;

      19) обеспечивает деятельность региональной комиссии по вопросам государственной информационной политики в Костанайской области;

      20) формирует, размещает и контролирует осуществление государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Костанайской области;

      21) разрабатывает и утверждает методику определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне;

      22) координирует деятельность государственных органов в сфере информационной политики, обеспечение конструктивного взаимодействия средств массовой информации и государственных органов в рамках реализации Концепции "Слышащее государство", в том числе через проведение брифингов;

      23) организует работу Службы информации гражданской защиты Костанайской области;

      24) осуществляет государственный контроль за соблюдением требования по запрету распространения карт условного доступа к услугам операторов телерадиовещания и оборудования, предназначенного для индивидуального приема теле-, радиосигнала операторов телерадиовещания, не имеющих лицензию в сфере телерадиовещания и не обладающих собственными спутниковыми системами вещания на Республики Казахстан;

      25) координирует деятельность государственных органов с целью решения социально значимых вопросов для обеспечения стабильности общественно-политической ситуации;

      26) обеспечивает целостное системное, объективное изучение, обобщение, анализ и прогноз происходящих в области общественно-политических процессов, в том числе в сфере межэтнических отношений, тенденций их развития;

      27) вырабатывает практические рекомендации для принятия управленческих решений по укреплению общественно-политической стабильности и недопущению очагов социальной напряженности, эффективной реализации государственной молодежной политики, повышению качества взаимодействия государственных органов и гражданского сектора;

      28) координирует деятельность областной Ассамблеи народа Казахстана, этнокультурных объединений;

      29) координирует и организует деятельность по вопросам қандастар, проживающих на территории Костанайской области;

      30) подготовка и проведение мероприятий, направленных на реализацию государственной внутренней политики по компетенции Управления;

      31) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления, руководителей подведомственных организаций;

      2) утверждает структуру, положения о структурных подразделениях и должностные инструкции работников Управления;

      3) утверждает план финансирования по обязательствам и платежам;

      4) представляет Управление в государственных органах, иных организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      5) обладает правом первой подписи;

      6) несет персональную ответственность за непринятие мер по противодействию коррупции;

      7) издает приказы, дает указания, обязательные для исполнения работниками Управления;

      8) принимает меры поощрения, оказания материальной помощи и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления и руководителей подведомственных организаций;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.