"Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 629 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 07 сәуірдегі № 791 "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ережені бекіту туралы" қаулысының және Қостанай қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 1613 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 07 сәуірдегі № 791 "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының күштері жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы "4" сәуірдегі
  № 629 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сәулет және қала құрылысы бөлімі) сәулет және қала құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Сәулет және қала құрылысы бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 128.

      10. Осы Ереже Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Сәулет және қала құрылысы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Қала аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, өз құзыреті шегінде қала аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - қала кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құралымдарының мамандарын тексеру және сараптама жүргiзу, конкурстық комиссияларға қатысу үшiн олардың басшыларының келiсiмi бойынша тартуға;

      - өз өкілеттігін жүзеге асыру кезiнде энергетика, құрылыс, құрылыс индустриясы объектілері мен кәсіпорындарына, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне баруға;

      - Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      - атқарушы органдардан Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату және алу;

      - Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) Міндеттері:

      - қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

      - мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

      - көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қарау;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қаланың заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарын, заңнамада белгiленген тәртiппен қаланың ықпал ететiн аймаққа жатқызылған iргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

      2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегi мен қала маңы аймағының және жобаларының әзірлеуін ұйымдастыру және мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

      3) жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

      4) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлi жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және iске асыру;

      5) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, алу заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою жөнiнде шешiмдер қабылдау;

      6) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектiнi) консервациялау, жергiлiктi маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

      7) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен жүргiзу;

      8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      9) Қостанай қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, Қостанай қаласының аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдау және қарау;

      10) Жарнама туралы Қазақстан Республикасы Заңының сақталуына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

      11) хабарламасыз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама, және ғимараттың (құрылымның) меншік иелерінің келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, тұрғын үйлерде (тұрғын ғимаратта) тұрғын және тұрғын емес жайлардың меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимаратқа (құрылымға) өзге мүліктік құқығы бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған жарнама объектілерін анықтау;

      12) Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Жарнама туралы Қазақстан Республикасының заң бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымды орындау үшін міндетемелерді енгізу;

      13) Қостанай қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, Қостанай қаласының аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналасқан жарнаманы, оның орналасуы жөнінде міндетті түрде бір рет суретке түсіру немесе видео, жарнама таратушының атауы және орналасу фактісін анықтаған күнді көрсету арқылы анықтау;

      14) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Сәулет және қала құрылысы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүдделерiн ұсынады;

      2) заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билік етеді;

      3) шарттар жасасады;

      4) сенiмхаттар бередi;

      5) қаржылық құжаттарға бiрiншi қол қоюға құқылы;

      6) Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінің iссапарлары, тағлымдамалары, қызметкерлердi оқу орталықтарда оқыту және өзге де бiлiктiлiгiн арттыру түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;

      7) Сәулет және қала құрылысы бөлімінiң барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi және бұйрықтар шығарады;

      8) Сәулет және қала құрылысы бөлімінiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және шығарады;

      9) Сәулет және қала құрылысы бөлімінiң қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады.

      Сәулет және қала құрылысы бөлімінiң бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Сәулет және қала құрылысы бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жеке меншік мүлікке ие болуы мүмкін.

      Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Костаная"

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 4 апреля 2022 года № 629

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Костаная" (далее – Положение).

      2. Государственному учреждению "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Костаная" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Костаная после его официального опубликования;

      3) государственную регистрацию Положения в органах юстиции.

      3. Отменить постановления акимата города Костаная от 07 апреля 2016 года № 791 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Костаная" и от 29 июля 2019 года № 1613 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Костаная № 791 от 07 апреля 2016 года "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Костаная".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Костанай М. Жундубаев

  Утверждено
  постановлением акимата
  города Костаная
  от "4" апреля 2022 года
  № 629

Положение о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Костаная"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Костаная" (далее - Отдел архитектуры и градостроительства) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектурной и градостроительной деятельности.

      2. Отдел архитектуры и градостроительства не имеет ведомств.

      3. Отдел архитектуры и градостроительства осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел архитектуры и градостроительства является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел архитектуры и градостроительства вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел архитектуры и градостроительства имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел архитектуры и градостроительства по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела архитектуры и градостроительства и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Отдела архитектуры и градостроительства утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 110000, Республика Казахстан, Костанайская область, город Костанай, улица Алтынсарина, 128.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела архитектуры и градостроительства.

      11. Финансирование деятельности Отдела архитектуры и градостроительства осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Отделу архитектуры и градостроительства запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела архитектуры и градостроительства.

      Если Отделу архитектуры и градостроительства законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      Проведение государственной политики в сфере архитектуры и градостроительства на территории города, осуществление в пределах своей компетенции государственного регулирования архитектурной и градостроительной деятельности на территории города.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      - привлекать специалистов предприятий, организаций, общественных формирований города по согласованию с их руководителями для проведения проверок и экспертиз, участия в конкурсных комиссиях;

      - при осуществлении своих полномочий посещать объекты и предприятия энергетики, строительства, стройиндустрии, объекты дорожного, водного и жилищно-коммунального хозяйства;

      - вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению Отдела архитектуры и градостроительства;

      - запрашивать и получать от исполнительных органов необходимые документы, информацию по вопросам, отнесенным к компетенции Отдела архитектуры и градостроительства;

      - предъявлять иски в суд по вопросам, относящимся к компетенции Отдела архитектуры и градостроительства;

      - осуществлять иные права в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

      2) Обязанности:

      - вносить на рассмотрение акима города и городского маслихата предложения по решению вопросов, относящихся к компетенции Отдела архитектуры и градостроительства;

      - обеспечить информированность потребителей о порядке оказания государственных услуг;

      - рассматривать жалобы и предложения услугополучателей;

      - осуществлять иные обязанности в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

      15. Функции:

      1) Координация деятельности по реализации утвержденного в установленном законодательством порядке генерального плана города, комплексной схемы градостроительного планирования прилегающих территорий (проекта районной планировки), отнесенных в установленном законодательством порядке к зоне влияния города;

      2) организация разработки и внесение на одобрение в городской маслихат проекта генерального плана города, проектов детальной планировки и застройки города и пригородной зоны;

      3) информирование населения города о планируемой застройке либо иных градостроительных изменениях;

      4) утверждение и реализация градостроительных проектов, проектов детальной планировки и застройки города и пригородной зоны;

      5) принятие решений по выбору, предоставлению, а в случаях, предусмотренных законодательными актами, и изъятию для государственных нужд земельных участков на подведомственной территории для застройки или иного градостроительного освоения;

      6) принятие решений о строительстве (расширении, техническом перевооружении, модернизации, реконструкции, реставрации и капитальном ремонте) строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций, а также об инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, консервации строек (объектов), проведении комплекса работ по постутилизации объектов местного значения;

      7) ведение мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;

      8) оказание государственных услуг в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан;

      9) прием и рассмотрение уведомлений о размещении наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городе Костанай, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории города Костанай в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      10) осуществление в пределах своей компетенции государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе;

      11) выявление наружной (визуальной) рекламы, размещенной без уведомления, и объектов наружной (визуальной) рекламы, размещенных без согласия собственников зданий (сооружений), собственников жилых и нежилых помещений в жилом доме (жилом здании) или органа управления объектом кондоминиума, лиц, обладающих иными вещными правами на здания (сооружения);

      12) внесение в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан обязательных для исполнения предписаний об устранении нарушения законодательства Республики Казахстан о рекламе;

      13) установление фактического размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городе Костанай, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории города Костанай, путем однократного фото – или видеоподтверждения факта ее размещения с обязательным указанием места размещения, наименования рекламораспространителя и даты установления факта размещения;

      14) осуществление государственного и профилактического контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе в форме проверки и профилактического контроля в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О рекламе".

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Отдела архитектуры и градостроительства осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел архитектуры и градостроительства задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Отдела архитектуры и градостроительства назначается на должность и освобождается в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Отдела архитектуры и градостроительства имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя:

      1) Представляет Отдел архитектуры и градостроительства в государственных органах и иных организациях;

      2) в случаях и пределах, установленных законодательством, распоряжается имуществом;

      3) заключает договоры;

      4) выдает доверенности;

      5) обладает правом первой подписи финансовых документов;

      6) утверждает порядок и планы Отдела архитектуры и градостроительства по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      7) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников Отдела архитектуры и градостроительства;

      8) принимает на работу и увольняет сотрудников Отдела архитектуры и градостроительства;

      9) принимает меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела архитектуры и градостроительства.

      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела архитектуры и градостроительства в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Отдел архитектуры и градостроительства может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела архитектуры и градостроительства формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Отделом архитектуры и градостроительства, относится к коммунальной собственности.

      23. Отдел архитектуры и градостроительства не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Отдела архитектуры и градостроительства осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.