Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 826 қорытындысы, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 547 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тулеген Галимянович Жайляубаевқа жоғары қысымды газ құбырын пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 1,5775 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |