Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 27.03.2023 № 503 қаулысымен (қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 1185 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "БК-СТРОЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кабельдік желіні және таратқыш қосалқы станцияны жүргізу үшін Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0444 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |