Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 1260, № 1261, № 1262, № 1263, № 1264 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне су құбырларын жаңарту үшін қауымдық сервитуттар белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы 23 желтоқсандағы | |
№ 2890 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Летунов көшесі бойынша Амангелді-Тәуелсіздік көшелерінің шекараларында мекенжайында "Қостанай, Летунов көшесі бойынша Амангелді-Тәуелсіздік көшелерінің шекараларында Д-300 мм су құбырын қайта жаңарту", жалпы алаңы 0,4152 гектар;
2) Қостанай қаласы, Қайырбеков-Курганская көшелерінің қиылысынан Совхозная көшесі, 27 дейін, жылыжай комбинаты мекенжайында "Қостанай, жылыжай комбинаты, Қайырбеков-Курганская көшелерінің қиылысынан Совхозная көшесі, 27 дейін Д-300 мм су құбырын қайта жаңарту", жалпы алаңы 1,0178 гектар;
3) Қостанай қаласы, Хакімжанова көшесі бойынша Баймағамбетов-Абай көшелерінің шекараларында мекенжайында "Қостанай, Хакімжанова көшесі бойынша Баймағамбетов-Абай көшелерінің шекараларында су құбырын қайта жаңарту", жалпы алаңы 0,7240 гектар;
4) Қостанай қаласы, Қарбышев көшесі бойынша Чкалов-Воинов Интернационалистов көшелерінің шекараларында мекенжайында "Қостанай, Қарбышев көшесі бойынша Чкалов-Воинов Интернационалистов көшелерінің шекараларында су құбырын қайта жаңарту", жалпы алаңы 0,4691 гектар;
5) Қостанай қаласы, Курганская-Узкоколейная, 16 көшелерінің шекараларында мекенжайында "Қостанай, Узкоколейная көшесі бойынша Курганская-Узкоколейная, 16 көшелерінің шекараларында су құбырын қайта жаңарту", жалпы алаңы 1,5842 гектар.