Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2022 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 105 шешімі. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2022 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы С. Байгужин

О предоставлении в 2022 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, прибывшим для работы и проживания в селе Перцевка города Рудного

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 25 февраля 2022 года № 105. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Рудненский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2022 году специалистам в области здравоохранения, образования, прибывшим для работы и проживания в селе Перцевка города Рудного, подъемное пособие и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь городского маслихата С. Байгужин