Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш және 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 28 бұйрықпен бекітілген жер құрылысы жобасының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Рудный қаласы:
1) су құбыры желілері (Железорудная станциясы);
2) сыртқы су құбыры (50 лет Октября көшесінен СҚСС-ға дейін) мекенжайында орналасқан, су құбыры желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында көлемі 1,7317 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Рудный қаласының әкімі | Қ. Испергенов |