Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Нұрғалиев Б.М. |
Денисов | |
ауданы әімдігінің | |
2022 жылғы 5 наурыздағы | |
№ 60 қаулысымен | |
бекітілді |
"Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімнің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, басқа да актілерімен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметінің қаржыландыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерін орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен құрылыс бойынша инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастылыған басқа да міндерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату;
әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, ауданның даму стратегиялары мен басымдықтары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Бөлім құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің, аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
мемлекеттік қызметтерді көрсету;
жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.
15. Функциялары:
1) қала құрылысы, құрылыс және жобалау-сметалық құжаттаманы белгіленген тәртіппен келісуге қатысу;
2) объектілер мен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар енгізу, жерге орналастыру қызметімен бірлесіп, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін таңдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) аудандық маңызы бар объектілерді постулизациялау бойынша жұмыстар кешенін жүргізу, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және абаттандыру мен көгалдандыру, аумақты инженерлік дайындық, құрылыс туралы шешімдер қабылдау;
4) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдармен белгіленген тәртіпте құрылыстағы (құрылыс салуға жоспарланған) нысандар мен кешендердің мониторингін жүргізу;
6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
7) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жобалауға тендерлер өткізуге қатысу;
8) халықты аумақтағы жоспарланған құрылыс немесе басқа да қала құрылыстық өзгерістер туралы ақпараттандыру;
9) мемелекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
10) аудандық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
11) "Мекенжай тізілімі" ақпаратық жүйенің жүргізілуі мен толықтырылуын қамтамасыз ету;
12) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
3-тарау. Мемлекеттік органы басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіреді;
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін жеке жауаптылықта болады.
Бөлім басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Бөлімнің жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрсетілетін мүліктен тұрады.
20. Бөлімге бекітілген мүлік, коммуналдық меншіке жатады.
21. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе басқаша билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру.
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.