"Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 93 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Оспанов

  Жангелдин
  ауданы әкімдігінің
  қаулысымен № 93
  "23" маусымдағы 2022 жыл
  бекітілген

"Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 18.01.2024 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомствосы жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

      6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзіретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің орналасқан жері - индексі 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Амангелді көшесі, 38.

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген құзіреті шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілуін ұйымдастыру;

      3) Халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіру;

      Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Қызметтері:

      1) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарын талдауды, болжауды және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органын хабардар етуді жүргізеді;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      4) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асырады;

      6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      9) қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құруды және олардың қызметін жүзеге асырады;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын жүзеге асырады;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      12) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді жүзеге асырады;

      13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады;

      14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдауды жүзеге асырады;

      15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіруді жүзеге асырады;

      17) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсынуды жүзеге асырады;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      3) бұйрықтар шығарады және Бөлімнің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;

      4) қызметтік құжаттарға қол қояды;

      5) Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) Бөлім қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісін және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      8) өз құзіреті шегінде Бөлімнің қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынатын мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района"

Постановление акимата Джангельдинского района Костанайской области от 23 июня 2022 года № 93.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Джангельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района".

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Джангельдинского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района".

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ш. Оспанов

  Утверждено
  постановление акимата
  Джангельдинского района
  № 93
  от "23" июня 2022 года

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района"

      Сноска. Положение – в редакции постановления акимата Джангельдинского района Костанайской области от 18.01.2024 № 11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере занятости и социальной защиты населения.

      2. Отдел не имеет ведомств.

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответсвии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение Отдела: индекс 110600, Республики Казахстан, Костанайская область, Джангельдинский район, село Торгай, улица Амангельды, 38.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.

      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из республиканского и местного бюджетов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела.

      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) реализация государственных программ содействия занятости и социальной защиты населения;

      2) организация социальной помощи отдельным категориям граждан в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции;

      3) оказание государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами в сфере социальной защиты населения;

      4) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) права:

      представлять интересы Отдела в государственных органах и организациях;

      в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов и других организации;

      иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) обязанности:

      соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области, района;

      обеспечивать качественное и своевременное оказание государственных услуг;

      иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) проведение анализа, прогнозирование спроса и предложений рабочей силы в районе и информирование местного исполнительного органа области;

      2) внесение в местные исполнительные органы области, предложения по мерам содействия занятости населения;

      3) осуществление реализации региональной карты занятости и активных мер содействия занятости населения;

      4) осуществление мониторинга создания рабочих мест в рамках национальных проектов, планов развития области, региональной карты занятости;

      5) осуществление поддержки создания рабочих мест района через развитие предпринимательской инициативы;

      6) внесение в местные исполнительные органы области предложения по определению населенных пунктов для добровольного переселения лиц в целях повышения мобильности рабочей силы;

      7) осуществление мониторинга организаций с рисками высвобождения и сокращения рабочих мест;

      8) взаимодействие с центрами трудовой мобильности в целях обеспечения содействия занятости населения;

      9) обеспечение создания и деятельности субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, находящихся в их ведении;

      10) обеспечение предоставления субъектами, предоставляющими специальные социальные услуги, гарантированного объема специальных социальных услуг;

      11) организует кадровое обеспечение субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации социальных работников;

      12) проведение анализа потребностей населения в специальных социальных услугах;

      13) осуществление государственных закупок, а также размещения государственного социального заказа по предоставлению специальных социальных услуг и услуг по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах;

      14) принятие мер по развитию системы предоставления специальных социальных услуг;

      15) осуществление взаимодействия с физическими, юридическими лицами и государственными органами по вопросам предоставления специальных социальных услуг;

      16) осуществление оказания социальной помощи и координации в оказании благотворительной помощи лицам с инвалидностью;

      17) осуществление обеспечения санаторно-курортным лечением лиц с инвалидностью и детей с инвалидностью в соответствии с индивидуальной программой;

      18) обеспечение лиц с инвалидностью техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами и (или) специальными средствами передвижения в соответствии с индивидуальной программой;

      19) предоставление дополнительных мер социальной помощи лицам с инвалидностью, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      20) осуществление функции по опеке и попечительству в отношении недееспособных или ограниченно дееспособных совершеннолетних лиц в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции;

      21) оказание государственных услуг в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции;

      22) осуществление иных функций, в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Отдела:

      1) назначает на должности и освобождает от должностей работников Отдела в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      2) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий;

      3) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников Отдела;

      4) подписывает служебную документацию;

      5) без доверенности действует от имени Отдел;

      6) утверждает в пределах установленной численности и фонда оплаты труда штатные расписания работников Отдела;

      7) утверждает планы финансирования администратора бюджетных программ и Отдела по обязательством и платежам;

      8) распоряжается средствами и имуществом Отдела в пределах своей компетенции;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      19. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела формируется за счет имущества, преданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.

      21. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленными за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.