"Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 7 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 5 қаңтардағы
  № 7 қаулысымен
  бекітілген

"Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ) аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      5. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, И. Ищанов көшесі, 13-құрылыс.

      9. Осы Ереже "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      Аудан аумағында құрылыс, сәулет, қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, өз құзыреті шегінде аудан аумағында құрылыс, сәулет, қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      2) Ауданның атқарушы органдарынан "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату және алу;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы тұтынушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

      4) қызмет алушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қарау;

      5) аудан әкімінің, әкімдігінің және аудандық мәслихаттың қарауына мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;

      4) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      5) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылыстарды бұзу туралы актілерді есепке алуды жүргізу және тіркеу;

      6) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;

      7) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, аудандық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстауды (пайдалануды) бақылауды сақтауды ұйымдастыру;

      8) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

      10) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;

      11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

      12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

      13) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;

      14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның басшылығы "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға жеке жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      16. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      17. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      5) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның атынан өкілдік етеді;

      7) еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде тәртіптік жазалар қолдану, көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;

      8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

      9) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

      10) "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыс үшін жеке жауапты болады.

      18. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.

      20. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-ны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района"

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 5 января 2022 года № 7

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Житикаринского района Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района".

      2. Государственному учреждению "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Житикаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Житикаринского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Житикаринского района Н. Утегенов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Житикаринского района
  от 5 января 2022 года
  № 7

Положение о государственном учреждении "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" (далее ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района") является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере строительства, архитектуры и градостроительства на территории района.

      2. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" является юридическим лицом, в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождения юридического лица: 110700, Республика Казахстан, Костанайская область, Житикаринский район, город Житикара, улица Истая Ищанова, строение 13.

      9. Настоящее положение является учредительным документом ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района".

      10. Финансирование деятельности ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района".

      Если ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      12. Задачи:

      Проведение государственной политики в области строительства, архитектуры, градостроительства на территории района, осуществление в пределах своей компетенции государственного регулирования строительной, архитектурной, градостроительной деятельности на территории района.

      13. Полномочия:

      Права и обязанности:

      1) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района";

      2) запрашивать и получать от исполнительных органов района необходимые документы, информацию по вопросам, отнесенным к компетенции ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района";

      3) обеспечить информированность потребителей о порядке оказания государственных услуг;

      4) рассматривать жалобы и предложения услугополучателей;

      5) вносить на рассмотрение акима, акимата района и районного маслихата предложения по решению вопросов, относящихся к компетенции государственного органа;

      6) предъявлять иски в суд по вопросам, относящимся к компетенции государственного органа;

      7) осуществлять иные права и обязанности в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

      14. Функции:

      1) координация деятельности по реализации утвержденной в установленном законодательством порядке комплексной схемы градостроительного планирования территории района (проекта районной планировки), генеральных планов сельских населенных пунктов;

      2) предоставление в установленном порядке информации и (или) сведений для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;

      3) информирование населения о планируемой застройке территории либо иных градостроительных изменениях;

      4) принятие решений о строительстве, инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, консервации строительства незавершенных объектов, проведении комплекса работ по постутилизации объектов районного значения;

      5) ведение учета и регистрация актов о сносе зданий и сооружений районного значения;

      6) ведение учета актов приемки объектов в эксплуатацию, а также объектов (комплексов), вводимых в эксплуатацию;

      7) организация сохранения жилищного фонда, коммуникаций, памятников истории и культуры районного значения контроля за их содержанием (использованием, эксплуатацией);

      8) организация разработки и представление на утверждение районному маслихату схем градостроительного развития территории района, а также проектов генеральных планов городов районного значения, поселков и иных сельских населенных пунктов;

      9) реализация градостроительных проектов, разрабатываемых для развития утвержденных генеральных планов (схем территориального развития) населенных пунктов;

      10) рассмотрение и утверждение предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов и комплексов, финансируемых за счет местного бюджета, а также республиканского бюджета, выделенного на финансирование местного бюджетного инвестиционного проекта;

      11) ведение мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства;

      12) внесение предложения о принятии решений по выбору, предоставлению, а в случаях, предусмотренных законодательными актами и изъятию для государственных нужд земельных участков на подведомственной территории для застройки или иного градостроительного освоения;

      13) внесение проекта постановления в акимат района о принятии решения о реконструкции посредством перепланировки помещений существующих зданий;

      14) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, возлагаемых на местные исполнительные органы в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      15. Руководство ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Руководитель ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Полномочия руководителя ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района":

      1) организует и руководит работой ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района";

      2) назначает на должность и освобождает от должности работников в установленном законодательством порядке, определяет их полномочия и обязанности;

      5) издает приказы, подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции, организует контроль за их исполнением;

      6) представляет ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" в государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;

      7) в установленном законодательством порядке решает вопросы наложения дисциплинарных взысканий, поощрения и оказания материальной помощи в пределах экономии фонда оплаты труда;

      8) утверждает план финансирования по обязательствам и платежам, структуру государственного учреждения ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" в пределах установленного фонда оплаты труда и численности работников;

      9) проводит личный прием граждан и представителей юридических лиц, рассматривает в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обращения физических и юридических лиц, принимает по ним необходимые меры;

      10) несет персональную ответственность за проводимую в ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" работу по противодействию коррупции.

      18. Исполнение полномочий руководителя ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      19. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" относится к районной коммунальной собственности.

      21. ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение ГУ "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства акимата Житикаринского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.