Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына сәйкес Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Комаровское горное предприятие" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Жітіқара ауданының Пригородный ауылының аумағында орналасқан ауданы 13,2 гектар жер учаскесіне 11 ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімі | Ж. Идильбаев |