Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 - баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 4505-ТПИ түсті металдарды барлауға (бокситті қоспағанда) келісімшарт бойынша және 2018 жылғы 12 қарашадағы № 5 қосымшаға және 2021 жылғы 10 наурыздағы № 6 қосымшаға сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бенкала Cuprum Project" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, жер учаскесіне 2 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін және Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Аралкөл ауылдық округі, Аралкөл ауылы (елді мекен шегінен тыс) аумағында орналасқан, жалпы алаңы 44230,5787 га жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.
2. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Бекмұхамедов |