"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Қамысты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |