Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 35-бабына сәйкес Алтынсарин ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы аумағында орналасқан жалпы аумағы 6,25 гектар жер учаскесіндегі "Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылында газ реттеу желілері құрылысы" жобасы бойынша салынған газ құбырын пайдалану үшін қауымдық сервитут орнатылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин ауылы әкімі | Г. Аведова |