Қарабалық ауданы әкімдігінің "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 72 қаулысы. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 01.03.2023 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының әкімі Р. Халықов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "21" сәуіріндегі
  № 72 қаулысымен
  бекітілді

"Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі сасат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" туралы осы ереже (бұдан әрі – ереже) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі - Ресурстық орталықтар) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Ресурстық орталық жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, кеңестік сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

      3. Ресурстық орталықтың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.

      4. Жастар ресурстық орталығы жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылды.

      5. Ресурстық орталықты құру, оның қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

      6. Ресурстық орталықтың өз мөртаңбасы, мөрі, мемлекеттік тілде және орыс тілінде атауы бар фирмалық бланкілері, қазынашылық органдарында және банкте есеп айырысу шоттары болады.

      7. Ресурстық орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені және олардың негізінде әзірленген жарғыларды басшылыққа алады.

      8. Ресурстық орталық өз қызметін орталықпен ортақ мақсаттары, міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

2-тарау. Ресурстық орталықтың міндеттері, функциялары

      9. Ресурстық орталық Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға кеңестік қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.

      10. Ресурстық орталықтың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.

      11. Ресурстық орталықтың қызметі өз ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.

      12. Ресурстық орталықтың құрылымдық бөлімшелері – жастарға қызмет көрсету орталықтарында, кенттер мен ауылдарда қызметін үйлестіреді және қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.

      13. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:

      1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;

      2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;

      3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.

      14. Ресурстық орталық қызметінің бағыттары бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:

      - жастарға Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;

      - soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу - түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;

      - жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

      2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:

      - өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т. б.), жастардың құзыреті мен дербестігі;

      - өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.

      3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:

      - цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;

      - жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;

      - робототехника, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша үйірмелер мен клубтардың қызметін ұйымдастыру.

      4) жастарға психологиялық көмек көрсету;

      - психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;

      - жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;

      - жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.

      5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:

      - жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;

      - жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;

      - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;

      - жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.

      6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:

      - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;

      - кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

      - жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;

      - жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.

      7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:

      - волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;

      - жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;

      - жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;

      - волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;

      - жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.

      8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:

      - отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;

      - некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;

      - қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.

      9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:

      - жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;

      - іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;

      - жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;

      - жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;

      - жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.

      10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:

      - жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;

      - жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

      - жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;

      - жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.

      11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;

      12) үздік тәжірибелер каталогын құру;

      13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;

      14) жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Үлгі ережеге қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.

      Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру

      15. Ресурстық орталықтың басшысы Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органның құрылымына кіретін атқарушы орган басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      16. Ресурстық орталықтың басшысы облыстың ресурстық орталығының келісімі бойынша тағайындалады.

      17. Ресурстық орталықтың басшысы жергілікті атқарушы органның құрылымына кіретін атқарушы органның басшысына тікелей бағынады және оларға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.

      18. Ресурстық орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және ресурстық орталық қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Үлгілік ережеде айқындалатын өздерінің құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      19. Ресурстық орталықтың қызметін жүзеге асыру кезінде басшы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Ресурстық орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда Ресурстық орталықтың мүдделерін білдіреді;

      3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

      4) шарттар жасайды;

      5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ресурстық орталықтың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) Ресурстық орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      7) Ресурстық орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады.

      20. Ресурстық орталықтардың басшылық лауазымдарына педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық білімі және жастармен жұмыс тәжірибесі бар адамдар жіберіледі.

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Молодежный ресурсный центр отдела внутренней политики акимата Карабалыкского района"

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 21 апреля 2022 года № 72. Отменено постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 1 марта 2023 года № 34

      Сноска. Отменено постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 01.03.2023 № 34 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о коммунальном государственном учреждении "Молодежный ресурсный центр отдела внутренней политики акимата Карабалыкского района".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Молодежный ресурсный центр отдела внутренней политики акимата Карабалыкского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течении двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акимата Карабалыкского района после его официального опубликования;

      3) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Карабалыкского района Р. Халыков

  Утверждено
  постановлением акимата
  от "21" апреля 2022 года
  № 72

Положение о коммунальном государственном учреждении "Молодежный ресурсный центр отдела внутренней политики акимата Карабалыкского района"

Глава 1. Общие положения

      1. Положение о коммунальном государственном учреждении "Молодежный ресурсный центр отдела внутренней политики акимата Карабалыкского района" (далее – Положение) разработано в соответствии с Типовым положением о молодежных ресурсных центрах (далее – Типовое положение) разработанного в соответствии с подпунктом 11) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике" (далее – Закон) и определяет статус и полномочия региональных, городских и районных молодежных ресурсных центров (далее – Ресурсный центр).

      2. Ресурсный центр является юридическим лицом, осуществляющим информационно-методическое, консультационное сопровождение и поддержку инициатив молодежи, мониторинг и анализ ситуации в молодежной среде.

      3. Деятельность Ресурсного центра направлена на содействие социальному и личностному развитию молодежи и поддержку деятельности молодежных организаций.

      4. Ресурсный центр создан с целью оказания услуг для поддержки и развития молодежи и молодежных организации.

      5. Создание, обеспечение и координация деятельности Ресурсного центра относятся к компетенции местных исполнительных органов района.

      6. Ресурсный центр имеют свои штампы, печати, фирменные бланки со своим наименованием на государственном языке и русском языках, расчетные счета в органах казначейства и банке.

      7. В своей деятельности Ресурсный центр руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Типовым положением и разработанными на их основе уставами.

      8. Ресурсный центр осуществляет свою деятельность во взаимодействии с заинтересованными государственными органами и некоммерческими организациями, деятельность которых способствует достижению целей и задач Ресурсного центра.

Глава 2. Задачи, функции Ресурсного центра

      9. Ресурсный центр осуществляет работу с молодежью посредством реализации молодежных проектов и программ, неформального образования, поддержку инициатив и консультационного сопровождения молодежи, создание открытых пространств для саморазвития молодежи.

      10. Планирование и осуществление деятельности Ресурсного центра основывается на потребностях и интересах молодежи и молодежных организаций.

      11. Деятельность Ресурсного центра осуществляется в здании Ресурсного центра и в местах массового скопления молодежи.

      12. Ресурсный центр координируют деятельность своих структурных подразделений – Центров обслуживания молодежи, в поселках и селах, и занимается повышением компетентности их сотрудников.

      13. Основные задачи Ресурсного центра:

      1) осуществление информационно-методического сопровождения;

      2) консультационное сопровождение и поддержка инициатив молодежи;

      3) проведение анализа и мониторинг ситуации в молодежной среде.

      14. Ресурсный центр осуществляет следующие функции по направлениям деятельности:

      1) содействие в подготовке к трудоустройству и профориентации молодежи:

      - консультирование и информирование молодых людей о государственных программах и проектах для молодежи в сфере занятости и по вопросам выбора профессии;

      - проведение курсов по развитию soft-skills – грамотное составление резюме, коммуникативные навыки, методы эффективного прохождения собеседования;

      - организация и проведение ярмарок вакансий для молодежи, разработка и реализация молодежных проектов и программ по вопросам профориентации, трудоустройства и достойного труда;

      2) развитие жизненно важных навыков, компетенции и самостоятельности молодежи посредством неформального образования:

      - организация и проведение семинаров и тренингов по развитию жизненно важных навыков (гражданская активность, работа в команде, критическое мышление, креативность, сотрудничество, ответственность, управление эмоциями и др.), компетенции и самостоятельность молодежи;

      - разработка молодежных проектов и программ, направленных на развитие жизненно важных навыков и неформального образования;

      3) содействие в повышении цифровой грамотности и развитии новых технологий среди молодежи:

      - консультирование молодежи по вопросам цифровой и медиа грамотности;

      - организация обучающих курсов по цифровой и медиа грамотности для молодежи;

      - организация деятельности кружков и клубов по робототехнике, программированию и информационным технологиям;

      4) оказание психологической помощи молодежи:

      - консультирование психологом молодежи по личностным и эмоциональным вопросам;

      - организация и проведение психологических тренингов и занятий с молодежью;

      - разработка молодежных проектов по психическому здоровью молодежи;

      5) оказание на безвозмездной основе консультационной и юридической помощи молодежи:

      - оказание юридических консультации для молодежи и молодежных организаций;

      - организация и проведение курсов по правовой грамотности среди молодежи;

      - разработка молодежных проектов и программ по повышению правовой грамотности молодежи;

      - оказание юридической помощи для молодежных организаций;

      6) содействие активизации инновационной и предпринимательской деятельности молодежи:

      - консультирование и информирование молодежи по вопросам осуществления предпринимательской деятельности и мерам государственной поддержки предпринимательства;

      - организация и проведение семинаров и тренингов по предпринимательским компетенциям;

      - поддержка социального предпринимательства среди молодежи;

      - разработка проектов по активизации предпринимательской деятельности среди молодежи;

      7) поддержка и развитие волонтерской деятельности в молодежной среде:

      - консультирование и информирование молодежи о волонтерской деятельности и возможностях поддержки молодых волонтеров;

      - организация обучающих курсов, школ, лагерей, семинаров и тренингов по поддержке и развитию волонтерской деятельности среди молодежи;

      - сотрудничество с волонтерскими организациями, организациями образования, культуры и социальной сферы для организации волонтерской деятельности молодежи;

      - поддержка волонтерских инициатив и реализация совместных мероприятий с волонтерскими организациями и инициативными группами молодежи;

      - разработка проектов по активизации волонтерской деятельности в молодежной среде;

      8) обеспечение работы с молодыми семьями и содействие молодежи в подготовке к семейной жизни:

      - консультирование молодых семей по семейно-брачным вопросам;

      - работа с молодыми людьми, подавшими заявления на регистрацию брака;

      - разработка молодежных проектов и программ по укреплению семейных ценностей в обществе;

      9) поддержка и содействие в развитии молодежных организаций, движений и органов молодежного самоуправления:

      - консультирование и информирование молодежных организаций, органов молодежного самоуправления о мерах государственной поддержки и сотрудничества с неправительственными организациями;

      - предоставление залов и помещений для проведения мероприятий молодежным организациям, органам молодежного самоуправления;

      - информационное сопровождение деятельности молодежных организаций, движений и органов молодежного самоуправления;

      - поддержка инициатив молодежных организаций и органов молодежного самоуправления;

      - разработка совместных проектов и программ с молодежными организациями, движениями и органами молодежного самоуправления;

      10) сопровождение разработки и оценки молодежных проектов и программ:

      - консультирование и информирование молодежи и молодежных организаций по вопросам разработки и оценки проектов и программ;

      - организация и проведения курсов, школ, лагерей, семинаров и тренингов для - молодежных организаций, движений, органов молодежного самоуправления, инициативных групп молодежи по вопросам управления проектами;

      - организация и ведение базы данных о молодежных проектах и программах;

      - разработка и оценка устойчивых проектов и программ на основе интересов и потребностей молодежи;

      11) расширение информационного пространства;

      12) создание каталогов лучших практик;

      13) освещение деятельности Ресурсного центра;

      14) выполнение других функций, соответствующих потребностям и интересам молодежи и не противоречащих законодательству Республики Казахстан и данному типовому положению.

      Вышеуказанные функции, в рамках каждой из них, осуществляются посредством оценки потребности целевой группы, привлечения молодежи к планированию и оценке, консультационного сопровождения, проведения тренингов, разработке молодежных проектов и программ, поддержку инициатив молодежи.

Глава 3. Организация деятельности Ресурсного центра

      15. Руководитель Ресурсного центра организовывает и обеспечивает деятельность Ресурсного центра, назначается и освобождается от должности приказом руководителя исполнительного органа, входящего в структуру местного исполнительного органа.

      16. Руководитель ресурсного центра назначается по согласованию с Ресурсным центром области.

      17. Руководитель Ресурсного центра непосредственно подчиняется руководителю исполнительного органа, входящего в структуру местного исполнительного органа и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на него функций.

      18. Руководитель Ресурсного центра действуют на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности Ресурсного центра в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Типовым положением.

      19. При осуществлении деятельности Ресурсного центра руководитель Ресурсного центра в установленном законодательством порядке:

      1) без доверенности действует от имени Ресурсного центра;

      2) представляет интересы Ресурсного центра во всех организациях;

      3) в случаях и пределах, установленных законодательством, распоряжается имуществом;

      4) заключает договоры;

      5) утверждает порядок и планы Ресурсного центра по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и повышения квалификации сотрудников;

      6) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников Ресурсного центра;

      7) определяет функциональные обязанности и утверждает должностные инструкции сотрудников Ресурсного центра;

      8) принимает меры по противодействию коррупции и несет персональную ответственность.

      20. К руководящим должностям Ресурсного центра допускаются лица, имеющие образование: гуманитарные науки, или социальные науки, экономика и бизнес, или право, или образование, или естественные науки, или технические науки и технологии и опыт работы с молодежью.