"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 108 қаулысының күші жойылсын.
4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қарабалық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 135 қаулысының күші жойылсын.
5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қарабалық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық ауданының әкімі | Р. Халықов |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы 13 желтоқсандағы | |
№ 238 қаулысымен | |
бекітілді |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ) ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттарына ие.
5. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа өз атынан енеді.
6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан орны: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31.
10. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) ауданның аграрлық секторы және кәсіпкерлік субъектілерінің ұтымды әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- өз қызметін басқа мемлекеттік басқару, атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс - қимылда жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;
- "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ құзыреті мәселелері бойынша аудан әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
- өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ облыс және аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы, мерзімінде орындау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы Мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беру;
- Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізу;
4) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
5) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, басшының және басшының орынбасарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізуді ұйымдастыру;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық елді мекендерді дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ басшылығын "Қарабалық ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ басшысының орынбасары мен бөлім жұмысшыларының функционалдық міндеттерін анықтайды;
2) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және орнынан босатады;
3) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) сенімхатсыз "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ атынан әрекет етеді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қатынастарда "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ таныстырады;
6) штаттық кестесін және құрылымын, міндеттер мен төлемдер бойынша "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ қаржыландыру жоспарын бекітеді, бұйрықтар шығарады және орындауға міндетті тапсырмалар береді;
7) мекемеде өтетін жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс үшін жеке түрде жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік мекеменің мүлігі
21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ мүлігі оған жекеменшікпен тапсырылған мүліктің есебінен, оған қоса (қаражат шығындарымен бірге) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған жекеменшік көздерінің және қызметінің нәтижесінде пайда болған мүліктің арқасында қалыптасады.
22. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық жекеменшікке тиесілі болады.
23. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ, егер басқа мүлік заңнамамамен бекітілмеген болса, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен мүліктенуге және басқа тәсілдермен мекемеге бекітілген мүлікке иелік етуге, өздігінен қағажытуға құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.