"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Садуақасов |
Меңдіқара | |
ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "28" сәуір | |
№ 59 қаулысымен | |
бекітілген |
1. Жалпы ережелер
1. "Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 111300 Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5 құрылыс.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) ведомстволық бағынысты аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) сәулет, қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалақ құжаттаманың сақталуын бақылау;
3) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудандық объектілерді салу және реконструкциялау бойынша жылдық және перспективалық бағдарламаларды әзірлеу;
4) Бөлім қызметінің бағытына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
заңнамада белгіленген тәртіппен соттарда бөлімнің құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
меншік нысанына қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субъектілерден Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға;
конкурстық комиссияларға қатысу үшін олардың басшыларының келісімі бойынша ауданның қоғамдық құрылымдары кәсіпорындарының, ұйымдарының мамандарын тарту;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдерге, өзге де заң актілеріне қол қою;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне берілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау бойынша аудан әкіміне ұсыныстар және шешімдер жобаларын дайындау және ұсыну;
заңнамаға сәйкес азаматтардың хаттарын, арыздарын, шағымдарын қарау;
Бөлімнің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға кеңестер, түсініктемелер беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне берілген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету;
4) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
5) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылыстарды бұзу туралы актілерді есепке алуды жүргізу және тіркеу;
6) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;
7) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, аудандық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстауды (пайдалануды, пайдалануды) бақылауды сақтауды ұйымдастыру;
8) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
10) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
13) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
14) әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылау;
15) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
16) тиісті бағдарламалар бойынша қаржы бөлу көлемі шегінде қызметтер мен жұмыстарды орындаушымен шарттар жасасу;
17) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
18) объектілерді салуға және реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
19) Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету;
20) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті органдарға Президент актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөнінде есептерді, ақпаратты уақтылы дайындау, ұсыну;
21) Бөлімнің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, заңнамаға қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды және өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар, нұсқаулар береді;
5) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
6) Бөлімнің құрылымын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
8) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар үшін дербес жауапты болады;
9) Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда Бөлімнің атынан өкілдік етеді;
11) міндеттемелер мен төлемдер бойынша Бөлімнің қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлер саны шегінде бөлімнің құрылымын бекітеді;
12) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.