"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | Қ. Әбішев |
Науырзым ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "11" ақпандағы | |
№ 63 қаулысымен | |
бекітілді |
"Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ) кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы.
7. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Победа көшесі, 5.
10. Осы Ереже "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) ауданның азық-түлік қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету, Агробизнес жүйесін тиімді дамытуды қалыптастыру;
2) ауданның агроөнеркәсіптік секторының ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, бәсекелестікті қорғау, сондай – ақ ғылыми-техникалық салада, инновациялық қызметте кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
4) аудан экономикасына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
5) туристік қызметті дамыту, оның ішінде туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және инфрақұрылымды нығайту арқылы туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау;
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
өз қызметін басқа мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға құқылы;
"Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыреті мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және іске асыру;
2) жедел экономикалық өсу және ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін инвестициялар тарту;
3) ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің ішкі нарығына мониторинг жүргізу, Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша мониторинг жүргізу;
4) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және оны ауылдық тауар өндірушілердің назарына жеткізу;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өңірлік семинарлар өткізуге консультациялық көмек көрсету;
6) ауыл шаруашылығы техникасының, қосалқы бөлшектердің, жанар-жағармай материалдарының болуы, қажеттілігі туралы деректерге талдау жүргізу және оларды сатып алуға көмек көрсету;
7) Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аурулары мен зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге консультациялық көмек көрсету;
8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
9) ауылдық округтердегі барлық меншік нысанындағы және жеке ауладағы мал басының өнімділігін және сақталуын арттыруға, ақпараттық – талдау жұмыстарын орындауға және жануарлар мен құстардың барлық түрлерінің қозғалысына мониторинг жүргізуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу;
10) ІҚМ табынының өсімін молайту және тұқымдық түрлендіру жөніндегі жедел есептілік;
11) ауыл және ауылдық округ әкімдері арқылы ауданның агроөнеркәсіптік кешенін басқару функцияларын жүзеге асыру;
12) кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, осы саладағы мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
13) бағдарламалық құжаттарда айқындалған басым бағыттарға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеуге және бағалауға қатысу;
14) индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік пен туризмді қорғау, қолдау және дамыту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
15) кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен қалыптастыруға қолдау көрсету, консалтингтік, ақпараттық, технологиялық, қаржылық және басқа да салаларда қызметтер көрсету;
16) басым жобаларды қаржыландыру және кредиттеу мәселелері бойынша ауданның, облыстың банк және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, аудан экономикасының дамуына ықпал ететін ғылыми-техникалық, өндірістік-коммерциялық байланыстар орнату;
17) кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жетістіктерін жария етуде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, нормативтік, статистикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюнктуралық және басқа да құжаттаманы қамтитын ақпараттық және ғылыми-әдістемелік базаны, кәсіпкерлерге ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құру және дамыту;
18) кәсіпкерлік субъектілері мен тұрғындар арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын және жеке өтініштерін белгіленген тәртіппен қарастыру;
19) бөлшек сауда тауар айналымының көлеміне және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының деңгейіне талдау жүргізу;
20) ауданның сауда және тұтыну нарығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
21) кәсіпкерлік және туризм салаларын дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
22) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
23) ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік және экономикалық қызмет көрсеткіштерімен паспорттарын жинауды жүзеге асырады;
24) бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
25) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
26) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
27) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басқаруды басшы жүзеге асырады, ол "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
18. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
2) "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды, тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
4) "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлеріне қатысты және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерді тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.