Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 01.09.2023 № 35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 350 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8934 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 9 наурыздағы | |
№ 103 шешіміне | |
қосымша | |
Мәслихаттың | |
2020 жылғы 27 қаңтардағы | |
№ 350 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Ақсуат ауылы | 3 |
2 | Богородское ауылы | 3 |
3 | Валерьяновка ауылы | 3 |
4 | Козыревка ауылы | 2 |
5 | Мирное ауылы | 2 |
6 | Новоильиновка ауылы | 3 |
7 | Притобольское ауылы | 3 |
8 | Увальное ауылы | 2 |