Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы, құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне су тазартқыш қондырғысына және 1-ші көтергіш сорғы станциясына қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округ, Ақсуат ауылы мекен-жайы бойынша орналасқан жалпы көлемі 3,9989 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілесін.
2. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау үшін жіберуді;
2) осы шешімін оны ресми жариялаудан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | М. Таймасов |