Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикқасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. "Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Сандыбаев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы 28 наурыздағы | |
№ 48 қаулысымен | |
бекітілген |
"Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) Ұзынкөл ауданында коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлімнің ведомстволары бар:
1) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Таза Ұзынкөл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ұзынкөл Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Бөлімнің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мүсірепов көшесі, 14 үй, индекс 111800.
Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) мемлекеттік саясатты іске асыру, елді мекендер мен аумақтардың инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруға жәрдемдесу және қатысу;
3) тұрғын үй қорының және әртүрлі меншік нысанындағы инфрақұрылымның басқа да объектілерінің жай-күйін пайдалануды ұйымдастыруға жәрдемдесу және оған қатысу және мониторингтеу болып табылады.
14. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
1. жол қызметін басқару жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі (Тапсырыс беруші) болу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің негізінде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін, жөнделуін, құрылысын және реконструкциялануын қамтамасыз етуді бюджеттен қаржыландыру жөнінде шарттар жасасу (Тапсырыс беруші болу);
2. тиісті мемлекеттік органдарға ауданның көлігі мен жолдарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіретін өздері қабылдаған актілерді өзгерту немесе алып тастау туралы ұсыныстар енгізу;
3. аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына көлік, тұрғын үй-коммуналдық және көлік шаруашылығы мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
тексерулер мен сараптамалар жүргізу, конкурстық комиссияларға қатысу үшін олардың басшысының келісімі бойынша ауданның кәсіпорындары, ұйымдары, қоғамдық құрылымдарының мамандарын тарту;
4. өз құзыреті шегінде аудан аумағындағы жолдарды күтіп ұстау және қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылатын көлік, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы саласындағы саясатты іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
5. өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелерге жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрату және алу.
2) міндеттері:
1. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік-коммуникациялық кешенді дамыту, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, жол шаруашылықтарын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
3. Президент актілері мен Үкімет және басқа да орталық органдардың қаулыларын, сондай-ақ аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін мерзімінде сапалы орындау.
15. Функциялар:
1) тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерінде тұрғын үй-коммуналдық саланың сабақтас салалармен өзара іс-қимылын үйлестіру;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Үкіметінің қаулыларының, өз құзыреті мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асыру және есеп дайындау;
3) ауданның энергетика, көлік инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында дамудың, талдау жүргізудің, түзетудің басым бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу;
4) аудан кәсіпорындарының күзгі-қысқы және су тасқыны кезеңіндегі жұмысқа дайындығы бойынша жұмысты үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
5) энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту іс-шараларының орындалуына басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;
6) Өз құзыреті шеңберінде кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
7) елді мекендер мен аумақтарда көлік инфрақұрылымын және байланысты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, жолдар мен әртүрлі меншік нысанындағы көлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін пайдалануды және күтіп-ұстауды ұйымдастыруға жәрдемдеседі және қатысады;
8) автомобиль жолдарына қызмет көрсету және оларды күтіп-ұстау саласындағы бәсекелес нарықтың дамуына ықпал етеді;
9) сапалы жөндеу жұмыстарын, жол төсемін күтіп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
10) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде инженерлік-техникалық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстарды орындауға конкурстар (тендерлер) өткізеді, оларды орындауға шарттар жасасады;
12) тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы бәсекелес нарықты дамыту;
13) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу;
14) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімге басшылықты жүзеге асырады;
2) бөлімге қарасты мекемелердің басшыларын тағайындайды және босатады;
3) шығындар сметасы мен қаржылық құжаттарға қол қояды, сыйақы беру туралы ережені бекітеді және Бөлім қызметкерлерін материалдық ынталандыру тәртібін әзірлейді;
4) бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады, еңбек тәртібін бұзуға ықпал ету және жою шараларын қабылдайды;
5) басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапты болады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес.
21. Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы немесе лауазымды тұлға басқарады.
22. Бөлімнің алқалық органдары:
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады, өзіне бекітілген, оның балансындағы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.
24. Бөлімге бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Бөлімді, бөлімнің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату
1) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Таза Ұзынкөл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" "Ұзынкөл Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ережеге | |
қосымша |
"Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" имемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі
"Ұзынкөл СУ" МКК
"Таза Ұзынкөл" МКК