"Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 69 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Федоров ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Федоров ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Федоров ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Федоров ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "1" сәуірдегі
  № 69 қаулысымен
  бекітілген

"Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі 9А.

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

      әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да мақсаттар.

      14. Өкілеттіктер

      1) құқықтар:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары.

      1) жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасау;

      2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      3) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізу;

      4) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      5) Федоров ауданының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      6) Федоров ауданының аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      7) балалар-жасөспірімдер дене дайындығы, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру және спорт клубтарын құру;

      8) спортшыларға спорттық разрядтар беруге, спортшыларды: 2-разрядты спортшыны, 3-разрядты спортшыны, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшыны, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшыны, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшыны спорттық разрядтардан айыруға;

      9) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілік деңгейінің екінші санаты, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беруге, біліктілік санаттарынан айыруға;

      10) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге;

      11) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;

      12) Федоров ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

      14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

      15) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      16) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      17) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      18) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;

      19) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз ету;

      20) Федоров ауданының аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;

      21) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3 тарау. Мемлекеттік органының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

      2) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      4) тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады Бөлімі қызметкерлерін;

      5) өтініштермен жұмысты ұйымдастырады, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      6) бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды;

      7) міндеттемелер мен төлемдер бойынша бөлімнің қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлер саны шегінде бөлімнің құрылымын бекітеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Федоровского района"

Постановление акимата Федоровского района Костанайской области от 1 апреля 2022 года № 69

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Федоровского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Федоровского района".

      2. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта акимата Федоровского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Федоровского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта акимата Федоровского района".

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Т. Исабаев

  Утверждено
  постановлением акимата
  Федоровского района
  от "1" апреля 2022 года
  № 69

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Федоровского района"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта акимата Федоровского района" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере физической культуры и спорта.

      2. Отдел не имеет ведомств.

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта акимата Федоровского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 111900, Республика Казахстан, Костанайская область, Федоровский район, село Федоровка, улица Ч.Валиханова 9 А.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.

      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела.

      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      обеспечение безопасности жизни и здоровья лиц, занимающихся физической культурой и спортом, а также участников и зрителей физкультурно-оздоровительных и спортивных мероприятий;

      развитие национальных, технических и прикладных видов спорта;

      содействие развитию всех видов спорта с учетом социальной и образовательной функций, а также специфики их структуры, основанной на принципе добровольной деятельности;

      иные задачи, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия

      1) права:

      в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов, должностных лиц и других организаций;

      осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области;

      обеспечивать доступность оказываемых государственных услуг, информированность потребителей о порядке оказания государственных услуг;

      иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) создавать инфраструктуру для занятий спортом физических лиц, в том числе с учетом доступности для маломобильных групп населения, по месту жительства и в местах массового отдыха;

      2) осуществлять государственный контроль за безопасной эксплуатацией спортивного оборудования, предназначенного для занятий массовым спортом;

      3) проводить районные спортивные соревнования по видам спорта совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями;

      4) обеспечивать подготовку районных сборных команд по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;

      5) обеспечивать развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории Федоровского района;

      6) координировать деятельность районных физкультурно-спортивных организаций на территории территории Федоровского района;

      7) создавать детско-юношеские клубы физической подготовки, в том числе адаптивной физической культуры и спорта;

      8) присваивать спортсменам спортивные разряды, лишает спортсменов спортивных разрядов: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда;

      9) присваивать квалификационные категории, лишать квалификационных категорий: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер-преподаватель высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, тренер-преподаватель среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;

      10) обеспечивать жилищем чемпионов и призеров Олимпийских, Паралимпийских и Сурдлимпийских игр в соответствии с настоящим Законом;

      11) реализовать единый региональный календарь спортивно-массовых мероприятий;

      12) координировать организацию и проведение спортивных мероприятий на территории Федоровского района;

      13) осуществлять сбор, анализ и предоставлять местному исполнительному органу области информацию по развитию физической культуры и спорта на территории района по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      14) формировать и утверждать районные списки сборных команд по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;

      15) организовать медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;

      16) обеспечивать общественный порядок и общественную безопасность при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;

      17) оказывать методическую и консультативную помощь спортивным организациям;

      18) обеспечивать деятельность районных и городских неспециализированных детско-юношеских школ;

      19) обеспечивать инструкторами по физической культуре и спорту для работы с населением;

      20) создавать условия для развития физической культуры и спорта по месту жительства физических лиц и в местах их массового отдыха на территории территории Федоровского района;

      21) организовать совместно с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и общественными объединениями инвалидов проведение оздоровительных и спортивных мероприятий среди инвалидов;

      22) осуществлять в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Отдела осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия руководителя Отдела:

      1) представляет Отдел в государственных органах, иных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) несет персональную ответственность за непринятие мер, направленных на противодействие коррупции в Отделе;

      3) подписывает приказы, служебную документацию;

      4) назначает, освобождает и привлекает к дисциплинарной ответственности работников Отдела;

      5) организует работу с обращениями, проводит личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      6) определяет функциональные обязанности работников Отдела;

      7) утверждает план финансирования Отдела по обязательствам и платежам, структуру Отдела в пределах установленного фонда оплаты труда и численности работников;

      8) осуществляет иные полномочия в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      19. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за Отделом относится к коммунальной собственности.

      21. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.