"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының заңнамамен белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республиқалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Исабаев |
Федоров ауданы әкімдіктің | |
2022 жылғы "17" мамыр | |
№ 99 қаулысына | |
қосымша |
"Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:
1) Федоров ауданы әкімдігінің "Теплоцентр" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) Федоров ауданы әкімдігінің "Водстрой" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
3) Федоров ауданы әкімдігінің "Жаркөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіндегі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, өз атауы қазақша және орысша жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылықтың органдарында есеп шоты бар.
5. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық тарап ретінде мемлекет атынан шығуға құқықты.
7. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы Қостанай облысы, Федоров ауылы, Набережная көшесі, 9.
10. Осы Ереже "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
"Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметін жүзеге асыру құқығы берілсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқа қарастырылмаса, түскен кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 Бөлім. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілдіктері
13. Міндеттері:
1) Федоров ауданы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) қысқы жағдайда және тасқын кезенде аудан өндіріс және әлеуметтік жинақтардың жұмысқа дайындау бойынша жұмыстар үшін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
3) елді мекендер мен аумақтарды әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымды қалыптастыру;
4) ауданды сумен жабдықтау қамтамасыз етуде жәрдемдесу және қатысу, тұрғын үй қорыны және де басқа инфрақұрылым объектілерді пайдалану және ұстау;
5) Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілер, заңдар, мемлекеттік бағдамаларды орындау бойынша есептерді дайындау және бақылауды жүзеге асыру, өз құзыреті мәселелер бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер;
6) коммуналдық шаруашылық (су, жылу, электрэнергия) қызметін бақылауды жүзеге асыру және инфрақұрылымын дамыту;
7) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;
8) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.
14. Өкілдіктері:
1) құқықтары:
- Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ведомствалық және меншік нысанына қарамастан аудан аумағында орналасқан мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардан, ауылдың округі әкімі аппараттарынан белгіленген тәртіпте ақпарат алу;
- бөлім құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден белгіленген тәртіпте керек материалдарын сұрату және алу;
- аудан әкімі және аудан әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, басым бағыттар мен стратегиялар бойынша ұсыныстарды енгізу;
2) міндеттері:
- өзінің құзыры шегінде құқықтық актілерді шығару;
- жоғары тұрған органдарда мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүдделерін өкілдік ету;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорын бөлу және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
- Федоров ауданының автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау бойынша өндіріс жұмыстарына шартарды жасау;
- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметінін талдауды жүргізу, жұмысты жақсарту бойынша керек ұсыныстарды беру;
- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің жетекшілік етуші орынбасарының келісімімен кенестерді шақыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) аудан инфрақұрылым, су-жылумен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты даму басым бағдарламалардың талдау, түзету және жүзеге асыруға жәрдемдеседі;
2) жол-жөндеу жұмыстардың орындау жүрісі үшін бақылауды жүзеге асырады;
3) тұрғын үй-коммуналдық қызметтер аумақта бәсекелі нарықты дамуға жәрдемдеседі;
4) ауданда жолаушылардың жүрісті ұйымдастырады және дамуға жәрдемдеседі;
5) автомобиль жолдарын жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
6) автомобиль жолдарын жөндеу және ұстау, жолаушылар жүрісін үйымдастыру, сумен жабдықтауды ұйымдастыруға тендерді өткізуде қатысады;
7) коммуналдық меншікте бар коммуналдық шаруашылық кәсіпорындар мен ғимараттардың, мемлекеттік тұрғын үй қорыны пайдалануды бақылайды;
8) тұрғын үй-коммуналдық реформалардың жүрісін бағалауды қамтамасыз етеді;
9) коммуналдық қызметтеріне баға жасалу және тарифтердің талдауын жүзеге асырады;
10) нормативті-құқықты және жоба құжаттамасына сәйкес автомобиль жолдарын жөндеу бойынша орындаған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асырады;
11) нысаналы мақсатына сәйкес бюджеттік қаражаттарды және материалдық құндылығы эффективтік жұмсауды жүзеге асыру;
12) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларға өзгерістерді енгізуне мәлімдемелер мен анықтамаларды дайындайды;
13) азаматтық-құқықтық жасалған келісімдер бойынша ақша қаражаттарды өз уақытында аударуды бақылайды;
14) аудан сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдарды жөндеуді ұйымдастыру мәселелерді бақылайды;
15) бөлім құзыретіне кіретін жоғары тұратын мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс шаралардың жоспарларды әзірлейді;
16) аудан бюджеттік ұйымдарына отынды әкелу үшін бақылауды жүзеге асырады;
17) күзгі-қысқы кезенде жұмыстарына өндіріс және әлеуметтік жинақ объектілердің дайындау жүрісі туралы мәселелерді жетекшелік етеді;
18) аудан елді мекендерді санитарлық тазалау, көркейту және жасылдандыруды өткізу үшін бақылауды жүргізеді;
19) жетекшілік мәселелер бойынша жедел ақпаратты, анықтамалар, есептерді дайындайды;
20) жол-көліктік инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық даму деректерді болжамдауды жүзеге асырады;
21) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарастыру туралы" 1-ТӨ нысаналы есепті қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
22) келіп түсетін хаттар, арыздар, шағымдардың тиісті есепті қамтамасыз етеді;
23) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйде мұқтаж азаматтарды есепке (кезекшілікке) тұрғызуды жүзеге асырады, кезекшілік тізімдерді қалыптастырады;
24) мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
25) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 Қаулысында айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіруді жүзеге асырады;
26) жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды;
27) такси жолаушылары мен жүктерін тасымалдау қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізбесін жүргізеді;
28) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын беруді жүзеге асырады;
29) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлуді ұйымдастырады;
30) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
31) кондоминиум субъектілерінің лауазымды адамдарының қызметіне тексерулер жүргізеді, шаралардың ұйымдастырылуын және кондоминиум басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
32) көп пәтерлі тұрғын үйдің жалпы мүлкін мемлекеттік техникалық тексеруді ұйымдастыру;
33) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін анықтау;
34) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;
35) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
36) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;
37) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жүгінген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3 Бөлім. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілдіктері
16. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді атқару және өз функцияларын жүзеге асыру бойынша және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолдамағаны үшін жеке жауапкершілікте болады.
17. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.
18. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары лауазымы қарастырылмаған.
19. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) басшысының өкілдіктері:
1) Бөлімнің штат кестесін және құрылымды бекітеді;
2) Бөлім қызметкердердің міндеттерін және өкілдіктерді аңықтайды;
3) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
4) Бөлім қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолданады;
5) Бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
6) қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлім қызметін білдіреді;
7) заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады;
"Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің басшысы жоқ болған кезде оның өкілдіктерін орындауды оның орнындағы тұлға жүзеге асырады.
4 Бөлім. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.
"Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүлігі, оған мемлекет берген мүліктен және негізгі қорлар мен айналымдығы қаражаттан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен рұқсат етілген басқа көздер есебінен алынған мүліктерден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы атынан балансында тұрған мүлікке ие болу, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асырады.
21. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүліктер коммуналдық меншікке жатады.
22. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспары бойынша берілген өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығыруға немесе басқаша жұмсауға құқығы жоқ.
5 Бөлім. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.