"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданының әкімі | Т. Исабаев |
Федоров ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "17" мамырдан | |
№ 100 қаулысымен | |
бекітілді |
"Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басқаруды жүзеге асырады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 56.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) ауданның азық-түлік қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету, агробизнес жүйесін тиімді дамытуды қалыптастыру;
2) ауданның агроөнеркәсіптік секторының ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, бәсекелестікті қорғау, сондай – ақ ғылыми-техникалық салада, инновациялық қызметте кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
4) аудан экономикасына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
5) аумақтарды дамыту бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;
6) туристік қызметті дамыту, оның ішінде туристік қызметтердің сапасын арттыру және инфрақұрылымды нығайту арқылы туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
1) мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
3) өз қызметін басқа мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыру;
4) Бөлім құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
2) Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.
15. Функциялары:
1) бәсекеге қабілеттілік негізінде ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін сату көлемін ұлғайту;
2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) жедел экономикалық өсу және ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін инвестициялар тарту;
4) ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің ішкі нарығына мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша мониторинг жүргізу;
5) ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы озық тәжірибені тарату;
6) маркетингтік қызметтерді дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
7) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және оны ауылдық тауар өндірушілердің назарына жеткізу;
8) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайы (баланстардың өтімділігі, борыштар құрылымы, дебиторлық және кредиторлық берешек) бойынша мәліметтерді талдау;
9) кадрлық әлеуетке талдау жүргізу, оның мамандарға қажеттілігін болжау, кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі іс - шараларды әзірлеу;
10) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ауылдық кредиттік серіктестіктерді, микро-кредиттік ұйымдарды ұйымдастыру мәселелерінде жәрдем көрсету;
11) ауданның өндірістік әлеуеті мен мүмкіндіктерін өзін-өзі қамтамасыз етуде және артық өнімдерді өткізуде ұтымды пайдалануға жәрдем көрсету, ауданда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша базарлар желісін кеңейтуге ықпал ету;
12) ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, МТС лизингін (сервис орталықтарын) және ауыл шаруашылығы техникаларының көрмелерін дамыту мәселелері бойынша өңірлік семинарлар өткізуге консультациялық көмек көрсету;
13) ауыл шаруашылығы техникасының, қосалқы бөлшектердің, жанар-жағармай материалдарының болуы, қажеттілігі туралы деректерге талдау жүргізу және оларды сатып алуға көмек көрсету;
14) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аурулары мен зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге консультациялық көмек көрсету;
15) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
16) мал басының өнімділігін және сақталуын арттыруға бағытталған іс – шараларды әзірлеу, ақпараттық-талдау жұмыстарын орындау және ауылдық округтердегі барлық меншік нысанындағы және жеке шаруашылықтардағы жануарлар мен құстардың барлық түрлерінің қозғалысына мониторинг жүргізу;
17) ІҚМ табынының өсімін молайту және тұқымдық түрлендіру жөніндегі жедел есептілік;
18) ауыл және ауылдық округ әкімдері арқылы ауданның агроөнеркәсіптік кешенін басқару функцияларын жүзеге асыру;
19) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру, оларды іріктеу және жылжыту;
20) ауданның шаруашылық субъектілеріне инвестициялық жобаларды дайындауда ақпараттық және консультативтік көмекті жүзеге асыру;
21) жетекшілік ететін салалардың инвестициялық және инновациялық жобаларына, өндірістік қызметіне, оның ішінде осы салаларда жұмыс істейтін ұйымдардың технологиялық жай-күйі деңгейіне мониторинг жүргізу;
22) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы жөніндегі есептерді дайындау;
23) тендерлерді өткізуге қатысу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде конкурстарды өз бетінше өткізу;
24) Бөлім әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражатын пайдалануды қамтамасыз ету;
25) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа жүйесін енгізуге жәрдемдесу және мониторингті жүзеге асыру;
26) аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құралымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексерулер мен сараптамалар жүргізу, конкурстық комиссияларға қатысу үшін тарту;
27) еңбек ресурстарын дамыту және тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға қатысу;
28) ауданның инвестициялық мүмкіндіктері мен жетістіктерін насихаттау және насихаттау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауданда семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
29) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету;
30) кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, осы саладағы мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
31) бағдарламалық құжаттарда айқындалған басым бағыттарға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеуге және бағалауға қатысу;
32) кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды ұйымдастырудағы қызметті жетілдіру, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын енгізу, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары үшін арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
33) индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік пен туризмді қорғау, қолдау және дамыту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
34) кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен қалыптастыруға қолдау көрсету, консалтингтік, ақпараттық, технологиялық, қаржылық және басқа да салаларда қызметтер көрсету;
35) басым жобаларды қаржыландыру және кредиттеу мәселелері бойынша ауданның, облыстың банк және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, аудан экономикасының дамуына ықпал ететін ғылыми-техникалық, өндірістік-коммерциялық байланыстарды орнату;
36) кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жетістіктерін жария етуде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, нормативтік, статистикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюнктуралық және басқа да құжаттаманы қамтитын ақпараттық және ғылыми-әдістемелік базаны, кәсіпкерлерге ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құру және дамыту;
37) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын және жеке өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
38) бөлшек тауар айналымының көлеміне және тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне талдау жүргізу;
39) ауданның сауда және тұтыну нарығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
40) кәсіпкерлік және туризм салаларын дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
41) "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
42) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді;
43) "әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне" шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларын бекіту кезінде көрсетілген тауарларға бағаны белгілеу туралы қабылданған шешімнің әсеріне мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
44) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарларды асырау қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу үшін дайындық;
45) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер дайындау;
46) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер дайындау;
47) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындауы кезінде жәрдем көрсету;
48) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну;
49) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілерге және өзге де қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде тәртіптік жаза қолданады және қосымша ақы, материалдық көтермелеу (сыйлықақы) белгілейді;
3) Бөлімнің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды жүзеге асырады;
5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін дербес жауапты болады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.