Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ю. Ильин |
"Келісілді" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 198 бұйрығына қосымша |
Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары
р/с № | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайдың алаңы |
1 | Дағдарыс орталығы – ахуалдық орталығы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бейне конференция байланыс өткізу кабинеті) | шаршы метр | 111 |
2 | Кезекші қызмет басқару пунктін орналастыру үй-жайы | шаршы метр | 50 |
3 | Диспетчерлік қызметке арналған үй-жай | шаршы метр | 50 |
4 | Кезекші қызмет қызметкерлерінің демалыс үй-жайы | шаршы метр | 30 |
5 | Диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің демалыс үй-жайы | шаршы метр | 30 |
6 | Кезекші-диспечерлік қызмет қызметкерлерінің тамақтанатын үй-жайы | шаршы метр | 20 |
7 | Ерлерге арналған кезекші ауысым қызметкерлерінің киім ауыстыру үй-жайы | шаршы метр | 20 |
8 | Әйелдерге арналған кезекші ауысымның киім ауыстыру үй-жайы | шаршы метр | 20 |
9 | Азаматтық қорғаныс сабақтарын өткізу үй-жайы (азаматтық қорғаныс сыныбы) | шаршы метр | 124 |
10 | Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметкерлеріне арналған үй-жай | шаршы метр | 95 |
11 | Заттай үлесі және ағымдағы материалдық мүлік сақтау үй-жайы | шаршы метр | 100 |
12 | Азаматтарды қабылдау үй-жайы (қоғамдық арналған қабылдау) | шаршы метр | 25 |
13 | Деректерді өңдеу орталығына үй-жай (серверлік) | шаршы метр | 45 |
14 | Психологиялық жеңілдету бөлмесі | шаршы метр | 30 |
15 | Психофизиологиялық зертхана | шаршы метр | 35 |
16 | Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған үй-жай | шаршы метр | 10 |
17 | Фельдшер-диспетчерді орналастыруға арналған үй-жай | шаршы метр | 10 |
18 | Себезгі қондырғысы және кір жуғыш машинасы бар санитариялық-гигиеналық бөлме (ерлер бөлмесі) | шаршы метр | 20 |
19 | Себезгі қондырғысы және кір жуғыш машинасы бар санитариялық-гигиеналық бөлме (әйелдер) | шаршы метр | 15 |
20 | Өзін-өзі даярлау бойынша сабақтар өткізуге арналған үй-жай | шаршы метр | 40 |
21 | Көшпелі бригадалардың мүлкін жинақтауға және сақтауға арналған үй-жай | шаршы метр | 15 |
22 | Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдарды беру пункті | шаршы метр | 30-дан кем емес |
23 | "Адалдық алаңы" фронт офисі | шаршы метр | 30 |
24 | Заттай дәлелдемелерге арналған кабинет | шаршы метр | 20 |