Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 24/3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 2 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: "2) жануар иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;";
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 7 тармағының келесі редакцияда жазылсын: "7. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 245-бабы 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат хатшысы | Е. Айткенов |