Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 01 қарашадағы "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 1169/26 қаулысының күші жойылсын.
3. "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбілік он күн өткен соң қолданысқа кенгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "27" сәуір № 655/2 қаулысына қосымша |
"Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі) өз құзыреті шегінде ақпарат, ішкі саясат және қоғамдық даму саласында, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда, сондай-ақ Павлодар қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.
9.1. "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
9.2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі атауы: "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Павлодар қаласы ішкі саясат бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды қалалық деңгейде іске асыру;
2) қалада ішкі саяси тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбиелеуді, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1) Павлодар қаласының әкіміне ақпарат және қоғамдық даму саласында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарауға енгізуге, Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;
2) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;
4) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;
6) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2) міндеттері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде мемлекеттік саясатты білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және халықты қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты саласында, тіл, ақпараттық, мәдени, отбасы-демографиялық және гендерлік салаларында мемлекеттік рәміздерді насихаттауды іске асыру мәселелері бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) қаладағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу;
3) қалада жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау бойынша республикалық, облыстық және қалалық маңызы бар ақпараттық-насихатшылық топтардың (бұдан әрі – АНТ) қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
4) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа қоғамдық ұйымдармен, кәсіби одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми және шығармашылық қауымдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара әрекет етуді жүзеге асыру;
5) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігінің жанындағы қызмет ететін консультативтік-кеңестік органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
6) қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау және болжамдау, оның ішінде әлеуметтік пікіртерім жүргізу;
7) қалада мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
8) жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар жастар бастамаларын іске асыру;
9) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу және жобаларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу;
10) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен, қала әкімінің аппаратымен, облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен өзара әрекет ету;
11) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасы бұзылған жағдайларда өз құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асыру және тиісті шаралар қабылдау;
12) өзекті мәселелерді анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
13) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
14) қазақстандық патриотизм мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қабылдау;
15) "Павлодар қаласының Құрметті азаматы" атағын беру, куәліктер мен төсбелгілерді, қаланың Құрмет кітабын дайындау, ресімдеу және сақтау мәселелері бойынша құжаттаманы жүргізу және есепке алу;
16) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру және ақпараттық жұмыс жүргізу;
17) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығы мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру тәжірибесінің мониторингін ұйымдастыру;
18) өңірде жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу мен талдау, өңірдегі діни ахуалға талдау жүргізу;
19) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
20) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу процесінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;
21) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, мониторингілеуді және бағалауды жүзеге асыру;
22) қаланың үкіметтік емес ұйымдары туралы мәліметтерді қалыптастыру, жинақтау және уәкілетті органға есеп ұсыну;
23) қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үдерістерді демократияландыруды және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша Павлодар қаласының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау, ақпарат және қоғамдық даму, діни қызмет және жастар саясаты саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мониторинг және талдау жасау;
24) қоғамдық және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшылық өкілдерімен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
25) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
26) қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
27) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;
28) ақпарат және қоғамдық даму мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық бірегейлікті, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
29) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
30) елде болып жатқан дін саласындағы процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, жалпылау және талдау;
31) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
32) жастар саясаты мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдай жасау;
33) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті, елдің мемлекеттік рәміздеріне, оның тарихына, мәдениеті мен халық дәстүрлеріне құрметпен қарауды, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікті нығайту;
34) қаладағы конфессияаралық келісімді, азаматтардың ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл құқығын қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен Павлодар қаласы ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру;
36) Павлодар қаласындағы қоғамдық-саяси, діни ахуалды, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша мониторингтеу, талдау және болжау;
37) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
38) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыру;
39) Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Павлодар қаласы ішкі саясат бөліміне басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Павлодар қаласы ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) орынбасардың міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ жауапты қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
4) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің жауапты қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) қызметкерлерге сенімхаттар береді;
7) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазаға тартады;
8) банктік шоттар ашады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына тәуелсіз өзге де ұйымдарда білдіреді;
10) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шегінде мүлікті иелік етеді;
11) мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
12) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, оған заңнамамен жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
13) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
14) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
15) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.
16) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
17) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
18) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды.
19) Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20) "Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Павлодар қаласы ішкі саясат бөліміне бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншігінде қалады.