Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 01 қазандағы "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 1805/6 қаулысының күші жойылсын.
3. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
бір ай ішінде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |
Павлодар қаласы әкімдігінің | |
2022 жылғы "23" мамыр | |
№ 818/2 қаулысына | |
қосымша |
"Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және өнер, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Желтоқсан көшесі, 129-құрылыс.
10. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Осы Ереже "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Павлодара".
13. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
14. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
15. Мақсаттары:
1) мәдени-ағартушылық мекемелердің, өнер ұйымдарының идеялық-адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде және тілдерді дамытуда рөлін арттыруды қамтамасыз ету;
2) халыққа мәдени қызмет көрсету нысандарын одан әрі жетілдіру;
3) өнердің, халық шығармашылығының, фольклор мен көркемөнердің барлық түрлерін дамыту;
4) шығармашылық одақтар мен ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу;
5) мәдениет ұйымдары мен мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
6) ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадрларын іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, қызметкерлердің білімі мен тәжірибесін неғұрлым жақсы пайдалану;
7) мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту.
16. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1.1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
1.2) лауазымды адамдарға тапсырмалар беру және олардың орындалуын талап ету;
1.3) қала әкімдігінің отырыстарына, қала әкімінің жиналыстарына қатысу;
1.4) ғылыми мекемелерді, мәдениет пен өнер қайраткерлерін, тілтану ғалымдары мен филологтарды, жекелеген ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;
1.5) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер банкін пайдалану.
2) міндеттері:
2.1) "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық – талдау жұмыстарын жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2.2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қаланың мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру.
17. Функциялары:
1) қала аумағында мәдениет, өнер және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге, мәдениет және өнер саласында мамандарды даярлауды жоспарлауға қатысу, материалдық-техникалық базаны нығайту;
2) мәдениет пен тілдерді дамыту мәселелерінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, олардың адамның қоғамдық өмірінің негізгі жақтарына әсерін тереңдету: тәрбиелеу, өзара қарым-қатынас, адамдардың тұрмысы және тағы басқалар;
3) клубтардың, кітапханалардың және басқа да мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік көмек көрсету;
4) халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерін дамытуға шаралар қабылдау, көркемөнерпаздар ұжымдары репертуарының көркемдік деңгейін бақылауды жүзеге асыру;
5) балалар мен жасөспірімдерге музыкалық, көркем, хореографиялық білім беруді дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
6) белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер саласында фестивальдар, онкүндіктер, конкурстар, байқаулар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
7) тұрмысқа салт-дәстүрлерді, мерекелерді, әдет-ғұрыптарды енгізуге жәрдемдесу;
8) халықтық көркем кәсіпшіліктер мен қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;
9) ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелерде жоспарлы-қаржылық жұмысты ұйымдастыру, мәдениет мекемелері желісін дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын жасау, белгіленген тәртіпте қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелердің штаттық кестесі мен сметасын бекіту, оларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
10) бастапқы есепті ұйымдастыру, белгіленген тәртіппен статистикалық және бухгалтерлік есептілікті алу, жиынтық бухгалтерлік есептер мен баланстарды жасау, оларды тиісті органдарға уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету;
11) мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
12) кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру, кадрларды тәрбиелеу, еңбек тәртібін сақтау және олар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
13) азаматтардың хаттарын, арыздары мен шағымдарын уақытылы және дұрыс қарауды ұйымдастыру, шағым тудыратын себептерді жоюға шаралар қабылдау;
14) ведомстволық бағынысты мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелерінде құқықтық жұмысқа басшылық жасау, өндірістік және еңбек тәртібін бұзуды жою жөнінде шаралар қабылдау;
15) мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелерінің халыққа қолайлы жұмыс режимін белгілеу, оның сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару мәселелері бойынша актілер әзірлеу, оларды қайта ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
17) ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджетінен қаржыландырылатын қызметтің басым бағыттарын және міндетті жұмыстардың (қызметтердің) көлемін айқындау;
18) ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің мәні мен мақсатын айқындау;
19) ведомстволық бағынысты ұйымдар өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу;
20) ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын қарау, келісу, бекіту, бақылауды және талдауды жүзеге асыру, олардың орындалуы бойынша есептер;
21) ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
22) ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүлкін алып қою немесе қайта бөлу мәселелерін келісу;
23) ведомстволық бағынысты ұйымдарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекіту;
24) мемлекеттік мүлік тізілімінде осы мәліметтерді көрсету үшін мәліметтерді, оның ішінде оның басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін дайындау;
25) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізу;
26) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені ұсынады;
2) жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
3) "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Павлодар қаласының бөлімдерімен, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
4) Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;
5) "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады;
7) "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
8) банк шоттарын ашады;
9) осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
10) "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды;
11) "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
12) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Естай атындағы Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2. Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.