"Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 417/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 3 маусымдағы
№ 417/4 қаулысына
1-қосымша

"Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген құзыреті шегінде қалалық бюджеттің атқарылуын, бюджеттік есепті және есептілікті жүргізуді, Ақсу қаласының аумағындағы коммуналдық меншікті басқаруды және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алу мәселелерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.

      6. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 12.

      10. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу".

      12. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің атынан әрекет ететін мемлекет болып табылады.

      13. Осы ереже "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

      Егер Ақсу қаласының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      16. Міндеттері:

      1) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есеп пен есептілікті және қаржы бөлімінің қаржыландыру жоспарын жүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржылық және бюджеттік есеп беру саласындағы есептілікті ҚР заңнамасына сәйкес ұсыну;

      2) қала бюджетін, мемлекеттік органдардың қаржыландыру жоспарларын орындауды оған жүктелген міндеттерге сәйкес мониторингілеу, оның атқарылуы туралы есепті дайындау;

      3) қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қызметті ұйымдастыру және үйлестіру

      4) қала әкімдігінің жергілікті атқарушы орган резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органның борышын жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен өтеу және қызмет көрсету;

      6) жоғары тұрған бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және мониторингілеуді жүзеге асыру;

      7) қаланың коммуналдық меншік объектілерін нысаналы және тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      8) тиімсіз пайдаланылатын коммуналдық меншік мүлігіне жекешелендіруді ұйымдастыру;

      9) қала аумағында мемлекеттік сатып алу үрдісінің мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік органдарға және мекемелерге тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі есеп берушілікті құрастыру және ұсыну тәртібі бойынша кеңес беру көмегін көрсету.

      17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) міндеттері:

      2.1) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкімдігі мен қала әкімінің нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыну;

      2.2) мемлекеттік органдарда, сотта "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғау;

      2.3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      2.4) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті;

      2.5) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңнамада белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

      2.6) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      2.7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;

      2.8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

      18. Функциялары:

      1) түсімдердің жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жүргізу;

      2) қаланың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражатты уақытында және тиімді пайдалану мониторингін, жергілікті бюджеттік бағдарламаларды орындауды, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер мен даму трансферттердің игерілуін, Ақсу қаласы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақшалай қаражатты, дебиторлық және кредиторлық берешектердің игерілуін жүзеге асыру,

      3) талдау материалдарын ұсына отырып, мемлекеттік сатып алу бойынша жиынтық есептілікті және мониторингті жүргізуді жүзеге асыру;

      4) Ақсу қаласы бюджетінің атқарылуы саласындағы функцияларды жүзеге асыру, Ақсу қаласы бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу;

      5) Ақсу қаласы бюджетінің түсімдер мен қаржыландыру жиынтық жоспарларына Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіптер мен мерзімдерде бекіту және өзгерістер енгізу;

      6) бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді және бюджеттік бағдарламаны құрастыру;

      7) (толық) пайдаланылмаған трансферттерді, даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді уақытында қайтару бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      8) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөніндегі сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымын анықтау жөніндегі конкурсты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес өткізу;

      9) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға, коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға беру бойынша шарттар жасау;

      10) өз құзыреті шегінде Ақсу қаласының әкімдігіне аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекітуге ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      11) қалалық коммуналдық меншікті басқару, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      12) Ақсу қаласы әкімдігіне қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      13) қалалық коммуналдық меншіктің пайдаланылуы және сақталуы мониторингін жүзеге асыру;

      14) қаланың жергілікті атқарушы органдарымен құрылған, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын мониторингілеу және талдауды жүзеге асыру;

      15) Ақсу қаласының әкімдігіне қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі ұсыныстарды келісу;

      16) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте иесіз деп танылған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке көшкен қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікке өтеусіз көшкен иесіз мүлікті, олжаны, мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ қазыналардың үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және әрі қарай пайдалануды ұйымдастыру;

      17) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын, сондай-ақ қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу), қалалық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалану шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      18) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды мен жасауды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;

      19) мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың балансында тұрған коммуналдық мүлік (жылжымайтын мүлік және көлік) мемлекеттік тізілімін жүргізуді мониторингілеу;

      20) заңды тұлғалардың мемлекеттік немесе мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды құру, оларды қайта құру, тарату туралы өтінішхаттарын келіседі;

      21) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу шарттарын ұйымдастыру, дайындау, ресімдеу және жасау бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      22) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру шарттарын ұйымдастыру, дайындау, ресімдеу және жасасу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      23) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді түгендеу бойынша іс-шаралар өткізу;

      24) мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, иесіз, иесіз деп тану бойынша іс-шараларды өткізу;

      25) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;

      26) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" мемлекеттік қызметін көрсету;

      27) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі комиссияны ұйымдастырады және өткізеді;

      28) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметін көрсету;

      29) "Е-акимат" ақпараттық жүйесі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсетеді;

      30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      19. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан, барлық мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан қарым-қатынас жасайды;

      6) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      8) "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады.

      "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4-тарау. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (жою) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар жоқ.

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 3 маусымдағы
№ 417/4 қаулысына
2-қосымша

Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 57/1 қаулысы;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 57/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 525/4 қаулысы.

      3) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі "Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 57/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 616/5 қаулысы.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел финансов города Аксу"

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 3 июня 2022 года № 417/4

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", Постановлением Правительства Республики Казахстан № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел финансов города Аксу" согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Отменить некоторые постановления акимата города Аксу согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Н. Дюсимбинов

  Приложение 1
к постановлению акимата
города Аксу
от 3 июня 2022 года
№ 417/4

Положение о государственном учреждении "Отдел финансов города Аксу" Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим в пределах компетенции, предусмотренной законодательством, исполнение городского бюджета, ведение бюджетного учета и отчетности, управление коммунальной собственностью на территории города Аксу и осуществление единой государственной политики в вопросах государственных закупок, товаров, работ и услуг.

      2. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу", и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу": Республика Казахстан, Павлодарская область, 140100, город Аксу, улица Бауыржан Момышұлы, 12.

      10. Режим работы государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу": дни работы: понедельник – пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота, воскресенье.

      11. Полное наименование государственного учреждения на государственном языке: "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, на русском языке: государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу".

      12. Учредителем государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" является государство в лице акимата города Аксу Павлодарской области.

      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу".

      14. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" осуществляется из городского бюджета.

      15. Государственному учреждению "Отдел финансов города Аксу" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу".

      Если государственному учреждению "Отдел финансов города Аксу" законодательными актами Республики Казахстан представлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу"

      16. Задачи:

      1) ведение бухгалтерского учета, бюджетного учета и отчетности по исполнению городского бюджета и плана финансирования отдела финансов, представление отчетности в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере бухгалтерского учета, финансовой и бюджетной отчетности;

      2) мониторинг исполнения бюджета города, планов финансирования государственных органов в соответствии с возложенными на него задачами, подготовка отчета об его исполнении;

      3) организация и координация деятельности с администраторами бюджетных программ по исполнению бюджета города;

      4) подготовка заключений к проектам постановлений акимата города о выделении средств из резерва местного исполнительного органа;

      5) погашение и обслуживание долга местного исполнительного органа за счет средств, предусмотренных в местном бюджете, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      6) осуществление регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов, предоставленных из вышестоящего бюджета;

      7) организация работ по целевому и эффективному использованию объектов коммунальной собственности города;

      8) организация приватизации неэффективно используемого имущества коммунальной собственности;

      9) осуществление на территории города мониторинга процесса государственных закупок, оказание консультационной помощи государственным органам и учреждениям по порядку составления и представления отчетности по вопросам государственных закупок товаров работ и услуг.

      17. Полномочия:

      1) права:

      в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, запрашивать и получать от государственных органов, иных организаций и граждан необходимую информацию по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу";

      2) обязанности:

      2.1) разрабатывать проекты нормативных правовых и правовых актов акимата и акима города по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу", представлять их на рассмотрение акимата и акима города;

      2.2) представлять интересы государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" в государственных органах, суде;

      2.3) заключать договоры, соглашения в пределах своей компетенции;

      2.4) государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" для реализации предусмотренных настоящим Положением полномочий, обязано соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан;

      2.5) обеспечивать соблюдение и защиту прав, свобод и законных интересов граждан и юридических лиц, рассматривать в порядке и сроки, установленные законодательством, обращения граждан, принимать по ним необходимые меры;

      2.6) осуществлять полномочия в пределах предоставленных государственному учреждению "Отдел финансов города Аксу" прав и в соответствии с должностными обязанностями;

      2.7) обеспечивать сохранность государственной собственности, использовать вверенную государственную собственность только в служебных целях;

      2.8) осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      18. Функции:

      1) ведение сводного плана поступлений и сводных планов финансирования по обязательствам и платежам;

      2) осуществление мониторинга своевременного и эффективного использования бюджетных средств администраторами бюджетных программ города, исполнения местных бюджетных программ, освоения целевых текущих трансфертов и трансфертов на развитие, выделенных из республиканского и областного бюджетов, освоения денежных средств администраторами бюджетных программ, дебиторской и кредиторской задолженности по городу Аксу;

      3) осуществление мониторинга и ведение сводной отчетности по государственным закупкам, с предоставлением аналитических материалов;

      4) осуществление функций в сфере исполнения бюджета города Аксу, ведение бюджетного учета и отчетности по исполнению бюджета города Аксу;

      5) утверждение и внесение изменений в сводные планы поступлений и финансирования бюджета города Аксу в порядке и сроках, определенных законодательством Республики Казахстан;

      6) составление бюджетной заявки по программам и бюджетной программы;

      7) организация работы по своевременному возврату не (до) использованных трансфертов, трансфертов на развитие и бюджетных кредитов;

      8) проведение конкурса в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" по определению периодического печатного издания для опубликования извещения о проведении торгов по приватизации городского коммунального имущества;

      9) заключение договоров по передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, договоров безвозмездного пользования коммунальным имуществом;

      10) разработка и внесение предложений в акимат города Аксу на утверждение нормативных правовых актов, регулирующих отношения в сфере управления районным коммунальным имуществом в пределах своей компетенции;

      11) управление городским коммунальным имуществом, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществление мер по его защите;

      12) внесение предложений в акимат города Аксу по приватизации городского коммунального имущества;

      13) осуществление мониторинга за использованием и сохранностью городского коммунального имущества;

      14) осуществление мониторинга и анализа выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, созданных местными исполнительными органами города, контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью;

      15) согласование предложений в акимат города Аксу по закреплению городского коммунального имущества за городскими коммунальными юридическими лицами;

      16) организация учета, хранения, оценки и дальнейшего использования городского коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, бесхозяйным, перешедшего государству по праву наследования, а также выморочного имущества, находок, безвозмездно перешедших в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность, доли кладов, не содержащих вещей, относящихся к культурным ценностям;

      17) осуществление контроля за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления, а также договоров по передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду), договоров безвозмездного пользования городским коммунальным имуществом;

      18) осуществление приватизации городского коммунального имущества, обеспечение оценки объекта приватизации, осуществление подготовки и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      19) мониторинг ведения государственного реестра коммунального имущества (недвижимости и транспорта), находящихся на балансе государственных учреждений и предприятий;

      20) согласовывает ходатайства юридических лиц о создании государственных, либо с участием государства юридических лиц, их реорганизации, ликвидации;

      21) осуществление полномочий по организации, подготовке, оформлению и заключению договоров найма жилья из государственного жилищного фонда;

      22) осуществление полномочий по организации, подготовке, оформлению и заключению договоров приватизации жилищ из коммунального жилищного фонда;

      23) проведение мероприятий по инвентаризации жилищ из коммунального жилищного фонда;

      24) проведение мероприятий по управлению коммунальным жилым фондом, признанию бесхозяйным, выморочным;

      25) осуществление передачи в собственность граждан Республики Казахстан жилищ из коммунального жилищного фонда на условиях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", и в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

      26) оказание государственной услуги "Постановка на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде";

      27) организует и проводит комиссию по предоставлению жилища из коммунального жилищного фонда;

      28) оказание государственной услуги "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда";

      29) оказывает государственную услугу через информационную систему "Е-акимат" и интегрированную информационную систему центра обслуживания населения, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      30) осуществление иных полномочий в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу"

      19. Руководство государственным учреждением "Отдел финансов города Аксу" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" задач и осуществление им своих функций.

      20. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Аксу в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу":

      1) определяет полномочия и обязанности работников государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу";

      2) назначает на должности и освобождает от должности работников государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" в соответствии с действующим законодательством;

      3) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение работников государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу", оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;

      4) издает приказы и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу";

      5) представляет государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" во всех государственных органах и иных организациях независимо от форм собственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      6) утверждает Положения о структурных подразделениях государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу", должностные инструкции его работников;

      7) обеспечивает разработку структуры государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу";

      8) утверждает перспективные и текущие планы работы государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу";

      9) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность;

      10) осуществляет личный прием граждан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу"

      22. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел финансов города Аксу", относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение "Отдел финансов города Аксу" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу"

      25. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      26. Организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Отдел финансов города Аксу" не имеется.

  Приложение 2
к постановлению акимата
города Аксу от
3 июня 2022 года
№ 417/4

Перечень отмененных некоторых постановлений акимата города Аксу

      1) постановление акимата города Аксу от 29 января 2019 года № 57/1 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел финансов города Аксу";

      2) постановление акимата города Аксу от 13 июня 2019 года № 525/4 "О внесении дополнения в постановление акимата города Аксу от 29 января 2019 года № 57/1 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел финансов города Аксу";

      3) постановление акимата города Аксу от 15 июля 2019 года № 616/5 "О внесении дополнения в постановление акимата города Аксу от 29 января 2019 года № 57/1 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел финансов города Аксу".