"Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 488/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 1505/12 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "14" маусымдағы
№ 488/6 қаулысымен бекітілді

"Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Екібастұз қаласының әкімдігі табылады.

      12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) жер құқығы қатынастары субъектілерінің Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын сақтауы;

      2) жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерді ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету;

      3) жердің сандық және сапалық есебін жүргізу;

      4) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды Екібастұз қаласының аумағын және оның ауылдық аймағын дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілерінің, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің талаптарын іске асыру;

      6) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру.

      16. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      қаланың басқа мекемелерінен, кәсіпорындарынан және ұйымдарынан, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан (келісім бойынша), сондай-ақ лауазымды тұлғалардан жер ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      қала әкімінің және әкімдігінің, Қалалық мәслихаттың қарауына мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын жер қатынастарымен байланысты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік мекеменің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы және өзге де ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

      облыстық деңгейде шешілуі қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды облыстық мемлекеттік органдарға енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялар:

      1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      8) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын, ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен сұлбаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық маңызы бар жобалар мен сұлбаларға сараптама жүргізу;

      12) Екібастұз және оның ауылдық аймағы жерлерінің теңгерімін жасау;

      13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;

      17) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      20) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеме туралы ережені бекітуге ұсынады, оның құрылымы мен штат бойынша ұсыныстар енгізеді;

      2) қала әкімімен және оның орынбасарларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;;

      4) мемлекеттік органдарда, соттарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;

      5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;

      6) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      9) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      11) мемлекеттік органның төлемдер жүргізуі бойынша қазынашылық органдарымен тоқсан сайын салыстырып тексеруді, оның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

      12) қала әкімдігі мен әкімі актілерінің, оның тапсырмаларының, мемлекеттік мекемеде құжаттардың өтуінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

      13) қала әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын, сондай-ақ қала әкіміне жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды қала әкіміне қол қоюға және қарауға ұсынады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметін шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасады;

      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      23. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      24. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза"

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 14 июня 2022 года № 488/6

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза".

      2. Отменить постановление акимата города Экибастуза от 15 декабря 2017 года № 1505/12 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза"".

      3. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Экибастуза.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза А. Кантарбаев

  Утверждено
постановлением акимата
города Экибастуза
от "14" июня 2022 года
№ 488/6

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза"

Глава 1.Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере земельных отношений.

      2. Государственное учреждение не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а так же настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Павлодарская область, 141208, город Экибастуз, улица Энергетиктер, строение 62.

      10. Режим работы государственного учреждения: понедельник-пятница с 9.00 часов до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота-воскресенье.

      11. Учредителем государственного учреждения является акимат города Экибастуза.

      12. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения.

      13. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из республиканского и местных бюджетов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      14. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения.

      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза"

      15. Задачи:

      1) соблюдение субъектами земельных правоотношений требований земельного законодательства Республики Казахстан;

      2) обеспечение рационального использования земель субъектами земельных правоотношений;

      3) ведение количественного и качественного учета земель;

      4) обеспечение включения мероприятий по вопросам развития и использования земель в программу развития территории города Экибастуза и его сельской зоны;

      5) реализация требований Земельного кодекса Республики Казахстан, законодательных актов Президента Республики Казахстан, решений и распоряжений акимов области и города;

      6) осуществление регулирования земельных отношений в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

      16. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать от других учреждений, предприятий и организаций города, независимо от их ведомственной подчиненности и форм собственности (по согласованию), а также должностных лиц необходимую информацию и материалы по вопросам использования земельных ресурсов;

      проводить разъяснительную работу по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения;

      вносить на рассмотрение акима и акимата города, городского маслихата предложения по решению вопросов связанных с земельными отношениями, относящимися к компетенции государственного учреждения;

      принимать участие на совещаниях в государственных органах и иных организациях по вопросам, затрагивающим интересы государственного учреждения;

      вносить в областные государственные органы предложения, связанные с реализацией задач, решение которых обеспечивается на областном уровне;

      осуществлять иные права в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан;

      обеспечивать реализацию законодательства о государственной службе;

      осуществлять иные обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Функции:

      1) выявление бесхозяйных земельных участков и организация работы по постановке их на учет;

      2) реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений;

      3) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа по предоставлению земельных участков и изменению их целевого назначения;

      4) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа по установлению публичных сервитутов для целей недропользования, связанных с геологическим изучением и разведкой полезных ископаемых;

      5) подготовка предложений по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд;

      6) определение делимости и неделимости земельных участков;

      7) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;

      8) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель города Экибастуза и его сельской зоны;

      9) организация разработки проектов земельно-хозяйственного устройства территорий населенных пунктов;

      10) организация проведения земельных торгов (конкурсов, аукционов);

      11) проведение экспертизы проектов и схем городского значения, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;

      12) составление баланса земель Экибастуза и его сельской зоны;

      13) ведение учета собственников земельных участков и землепользователей, а также других субъектов земельных правоотношений;

      14) выдача паспортов земельных участков сельскохозяйственного назначения;

      15) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;

      16) переоформление договора временного возмездного землепользования (аренды) земельных участков сельскохозяйственного назначения в случае, предусмотренном подпунктом 5-1) части шестой пункта 1 статьи 33 Земельного кодекса Республики Казахстан;

      17) подготовка предложений по выдаче разрешений местным исполнительным органом на использование земельных участков для проведения изыскательских работ в соответствии со статьей 71 Земельного кодекса Республики Казахстан;

      18) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;

      19) выявление земель, неиспользуемых и используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан;

      20) подготовка предложений по резервированию земель;

      21) утверждение земельно-кадастрового плана;

      22) осуществление иных функций, в пределах полномочий предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза"

      18. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      19. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Первый руководитель государственного учреждения имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:

      1) представляет на утверждении акимату города Положение о государственном учреждении, вносит предложения по его структуре и штату;

      2) обеспечивает взаимодействие с акимом города и его заместителями;

      3) организует и руководит работой государственного учреждения, обеспечивает взаимодействие с иными государственными органами;

      4) представляет государственное учреждение в государственных органах, судах и иных организациях;

      5) обеспечивает исполнение законодательства о государственной службе;

      6) определяет обязанности и полномочия сотрудников государственного учреждения;

      7) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей сотрудников государственного учреждения;

      8) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения;

      9) издает приказы и дает указания, обязательные для всех сотрудников государственного учреждения;

      10) организовывает работу по противодействию коррупции и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      11) обеспечивает ежеквартальную сверку с органами казначейства по проведению платежей государственным органом, в том числе на соответствующие счета получателей денег;

      12) координирует работу по контролю за выполнением актов акимата и акима города, его поручений, прохождения документов в государственном учреждении;

      13) представляет на подпись и рассмотрение акиму города проекты актов акимата и акима города, а так же иные адресуемые акиму города документы и материалы;

      14) осуществляет личный прием физических и юридических лиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      15) заключает гражданско-правовые сделки с организациями по вопросам хозяйственного обеспечения деятельности государственного учреждения в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      16) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      22. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством

      23. Взаимоотношения между администрацией государственного учреждения и трудовым коллективом регулируются действующим законодательством Республики Казахстан и коллективным договором.

      24. Взаимоотношения между государственным учреждением и акиматом города Экибастуза регулируется действующим законодательством Республики Казахстан.

      25. Взаимоотношения между государственным учреждением и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза"

      26. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      27. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.

      28. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза"

      29. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.