"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 – баптарына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 480/6 қаулысы жойылсын.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "25" қарашадағы № 1173/11 қаулысымен бекітілді |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүргізу, Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеу саласында, қала бюджетін жоспарлау және орындау, аудандық коммуналдық мүлікті және мемлекеттік тұрғын үй қорын, бірыңғай мемлекеттік сатып алуды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруда басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Екібастұз қаласының әкімдігі табылады.
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
15. Мақсаттары:
1) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін айқындау;
2) мемлекеттің макроэкономикалық саясатының стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және тұтас тәсілін қамтамасыз ету;
4) әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру мақсатында қаржыны басқару;
5) қаланың салықтық-бюджеттік саясатын қалыптастыру;
6) нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың, үшжылдық бюджеттік бағдарламалаудың жүйесін жетілдіру;
7) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
8) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару;
9) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
10) мемлекеттік сатып алу процедурасын оңтайлы және тиімді жүргізуді қамтамасыз ету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
16. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен хабарландыруларды кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) сұратуға және алуға;
- мемлекеттік мекеменің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу;
- мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;
- шешілуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асырумен байланысты ұсыныстарды Павлодар облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасына және қаржы басқармасына енгізу;
- бюджеттің жобасын жасауға, оны әзірлеу мен қорытындылауға қажетті салық салу базасы туралы ақпаратты жинауда қаланың өкілетті органдарымен жұмысты ұйымдастыру;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың бюджеттік мекемелерімен қаржылық тәртіптің сақталуы бойынша өз құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыру;
- белгіленген тәртіпте бюджеттік саясат, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алулар, аудандық коммуналдық мүлікті басқару мәселелері жөнінде жиналыстар, семинарлар өткізу.
2) міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
- өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болу;
- семинарларда, курстарда және өзге де оқыту түрлерінде үнемі мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
17. Функциялары:
1) тиісті аумақтарда экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
2) әлеуметтік-экономикалық дамудың облыстық және қалалық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу;
3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарына мониторинг жүргізу;
4) орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерді әзірлеу;
5) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мониторингісін жүргізу;
6) салықтық- бюджеттік саясатты белгілеу, қала бюджетінің түсімдерін болжау және шығындарын жоспарлау;
7) бюджеттік өтінімдерді қарастыру;
8) қаланың үшжылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджетті түзету, нақтылау ;
9) ауылдық округтер, поселкелер, ауылдардың дербес бюджетін үйлестіру;
10) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді келешекке кірістер және шығыстар бойынша ұсыныстарды шығару;
11) Іс-шаралар жоспары шеңберінде экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру және ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізу;
12) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық қызметті реттеу;
13) мемлекеттік–жекешелік серіктестік шеңберінде жобаларды іске асыруды талдау және мониторинг жүргізу;
14) қалалық бюджеттік комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру;
15) Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына және ауылдық округтер, кенттер, ауылдарға жұмыс үшін келген мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтiк қолдауды ұсыну бойынша шараларды жүзеге асыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Екібастұз қаласы бюджеті түсімдерінің және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;
17) әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады;
18) бюджеттік қаражаттарды басқаруды жүзеге асырады, сонымен қатар бюджеттік мониторингті жүргізеді;
19) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;
20) Екібастұз қаласының бюджетін атқару бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді іске асырады;
21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірыңғай мемлекеттік сатып алу, тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді жүргізу, мемлекеттік сатып алу бойынша монитринг және жиынтық есеп құрастыру;
22) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық және аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
23) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;
24) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттамаға сәйкестігін тексеру жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын ұйымдастыру және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізу рәсімдерінің және қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
25) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару бойынша функцияларды орындайды, соның ішінде құқықтық актілерді әзірлейді;
26) аудандық коммуналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiмен жекешелендiру жүргiзiлуi мүмкiн аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiн алады;
27) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың атына бекіту бойынша іс-шаралар өткізеді;
28) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;
29) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
30) аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;
31) жарғылық капиталға қатысу үлесі мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында таза табысты уақытылы бөлуді бақылуды жүзеге асырады;
32) заңды және жеке тұлғалардың иесіз қалған, тастап кеткен (қалдырып кеткен) жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін анықтау, пәтерлерді иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыстарды жүргізеді;
33) мемлекеттік органның міндеттерімен байланысты істер бойынша жеке және өкіл арқылы талап арыздарды (өзге де өтініштерді) ұсынады және соттарда шағымданады;
34) Екібастұз қаласының коммуналдық меншік құқығын тіркеу, тұрғын және тұрғын емес нысандарды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша қажетті рәсімдерді жүргізеді;
35) Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру;
36) заңнамаға сәйкес азаматтардың жекеленген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
37) мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша берешекті сот тәртібінде өндіріп алу шараларын қолдану;
38) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруде мұқтаждар есебінің жеке тізімдерін жүргізу;
39) жергілікті атқарушы органның қарамағындағы тұрғын үйлерге өз еркімен қоныстанған тұлғаларды шығаруды ұйымдастыру;
40) қала әкімімен берілген сенімхат негізінде коммуналдық тұрғын үйді, оның ішінде қызметтік тұрғын үйді иеліктен шығару (жекешелендіру) жөнінде мәмілелер жасау;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
42) құзыреті шегінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;
43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары, сектор меңгерушілері болады.
21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауапты болады;
4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерді мадақтайды, оларға материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;
5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
7) мемлекеттік мекеменің секторлары - құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ сотта сенімхатсыз мемлекеттік мекемесін ұсынады;
9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады;
10) мемлекеттік мекеменің төлемін өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдарымен бірлесіп тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
24. Мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
25. Мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
29. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.