Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін..
2. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің Бөлім басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Арынов |
Ақтоғай ауданы әкімігінің 2022 жылғы "14" маусымдағы №179 қаулысымен бекітілді |
"Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Ақтоғай ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімның ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Бөлімның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімның құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75.
10. Осы Ереже Бөлімның құрылтай құжаты болып табылады
11. Бөлімның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімның өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жаңғырту;
2) Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
3) Ақтоғай ауданының бюджеттік және инвестициялық саясатын қалыптастыру;
4) тұрақты экономикалық өсу көрсеткіштеріне және тұрғындардың өмір деңгейінің жақсаруына қол жеткізетін әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру;
5) ауданның жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру;
14. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалану;
шарттар, келісімдер жасасу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқығы бар.
2) міндеттері:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялар:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін бюджеттік бағдарламаларды келіседі;
2) шығыстардың бағыттары мен оларды аудан бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындайды;
3) жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындайды;
4) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді;
5) жылсайын облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын еске алып жоспарланған мерзімге жергілікті бюджетті әзірлейді;
6) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжайды;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының, жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды;
8) Ақтоғай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі және қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламалардың көрсеткіштеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функцияларына, уәкілеттілігіне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
10) ауданның бюджет жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюжеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
12) мониторинг жасайды және жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларын бағалауды іске асырады;
13) бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп құрастырады;
14) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;
16) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Бөлім бірінші басшысы жүзеге асырады.
17. Бөлім бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бөлім бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Бөлім бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Бөлімнің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлімнің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
7) Бөлімнің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің мүддесін білдіреді;
9) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті және оның қол астындағы кызметкерлермен Қазақстан Республикасы заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды бұзғаны үшін жауапты;
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Бөлімның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімтың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімтың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім қайта ұйымдастырылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.