Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңың 18-бабы 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 250/8 қауклысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Шайхимов |
Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "11" сәуірдегі № 108/3 қаулысымен бекітілді |
"Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4."Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшымен Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің атынан мемлекет болып табылады.
8. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
10. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 140400, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі,19.
11. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі-жексенбі.
12. Осы Ереже "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Мемлекеттік мекемесінің толық атауы – "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
14. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесаудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, міндеттері мен өкілеттіктері
16. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде іске асырады.
17. Міндеттер:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) ауданның Бірыңғай бюджеттік саясатынқалыптастыру және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
3) аудан экономикасын дамытужоспарларының көрсеткіштерін әзірлеу, нақтылау;
4) ауданның әлеуметтік – экономикалық даму және бюджет мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
5) бюджетаралық қатынастарды реттеу.
6) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
18. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
"Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау және осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қазақстан Республликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқылы:
1) жергілікті басқару органдарының орта мерзімді және басқа жоспарларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіруді жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша өзге ұйымдардың мемлекеттік органдарынан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Железин ауданының әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
4) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына жататын экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестер дайындау;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызметкерлер штаты мен еңбекақы қорының белгіленген саны шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін әзірлеу;
7) шарттар, келісімдер және заңды мәмілелер жасау;
8) ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жолданған азаматтардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижесіне бақылауды жүзеге асыру.
2) міндеттер:
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын орындау және қолдану бойынша орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
2) өз қызметінің нәтижелерін есепке алуды жүргізу, оның барысын бақылауды жүзеге асыру, жедел бухгалтерлік және статистикалық есептерді жүргізу.
19. Функциялар:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін жыл сайын әзірлеу, нақтылау;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты мониторинг жүргізу;
3) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жыл сайынғы мониторинг жүргізу;
4) облыстың даму жоспарына және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген көрсеткіштерді, нысаналы индикаторларды әзірлеу, түзету, мониторингілеу;
5) Железин ауданының әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын әзірлеу;
6) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мониторингі;
7) "Ауыл-ел бесігі" жобасын іске асыру барысы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну;
8) жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу, ағымдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
9) өз құзыреті шегінде ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қарау, ауылдық округтер бюджеттеріне түсетін түсімдерді және бюджеттің 4- деңгейінің басқа да мәселелерін келісу;
10) аудандық бюджетке түсетін түсімдерді үш жылдық кезеңге болжамдау;
11) аудан бюджетіне, ауылдық округтер бюджеттеріне түсетін кірістер түсімдерінің мониторингі;
12) аудандық бюджеттік бағдарламалар және ауылдық округтер бағдарламалары бойынша шығыстар лимиттерін айқындау;
13) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және ауылдық округтердің бюджеттік өтінімдерін қарау, олар бойынша қорытындылар дайындау;
14)басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;
15) құзыреті шегінде аудандық мәслихат сессиялары шешімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан бюджетін бекіту, аудан бюджетін нақтылау және басқа да мәселелер бойынша әкім өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
16) аудандық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
17) инвестициялық жобаларды мониторингілеу;
18) аудандық бюджеттің ағымдағы және күрделі шығындарының мониторингі;
19) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
20) құзыреті шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және басқа да мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, баяндамаларды, түсіндірме жазбаларды, ақпараттық талдау материалдарын және анықтамаларды қалыптастыру;
21) әкімшісі мемлекеттік мекеме болып табылатын бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыруды, бекітуді және орындауды, қамтамасыз ету;
22) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыстарды орнату және тұрақты дамыту;
23) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешу;
24) ауданның бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу
3 тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
20. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
21. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес Железин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады;
23. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкілеттіктері:
1) "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттерін айқындайды;
3) "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
6) атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермеақы, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкеріне тәртіптік жаза қолданады;
10) "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді;
11) "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
12) "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
"Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
24. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
25. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
"Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен реттеледі.
26. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
27. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
4 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
28. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
30. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекітілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.