Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
бір ай ішінде Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
Аудан әкімі | А. Маңғұтов |
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "19" мамырдағы № 110/2 қаулысымен бекітілді |
"Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) Тереңкөл ауданының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 77.
10. Осы Ереже жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Тереңкөл ауданы әкімдігінің атынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.
12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
2. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері және өкілеттіктері
15. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметінің мақсаты халықты жұмыспен қамтуды реттеу және әлеуметтік қорғау мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.
16. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметінің мәні Тереңкөл ауданының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
17. Міндеттері:
1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) аудан аумағында әлеуметтік төлемдердің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өкілетті органның бекітуіне енгізу;
3) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерге өтініштерді заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылдау және тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен еңбек нарығындағы ахуалға мониторинг жүргізу;
5) халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге қатысу.
18. Өкілеттіктер:
1) Құқығы:
Тереңкөл ауданы әкімдігі мен әкімінің қарауына Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиялары жөнінде ұсыныстар енгізу;
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіпте ақпарат сұрату және алу;
олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;
мемлекеттік органдарда, сотта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүдделерін ұсыну;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
19. Функциялары:
1) аудан аумағында заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы облыстық және аудандық бағдарламалардың орындалуы туралы тұрғындарды ақпараттандыру;
3) жалғызбасты, жалғыз тұратын азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
4) аудан аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен еңбек нарығындағы ахуалға мониторинг жүргізу;
6) қарамағындағы коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады, қарамағындағы коммуналдық заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілер әзірлеп, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
7) қолданыстағы заңнама аясында азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау;
8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде кадр жұмысының жай-күйін, кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау;
9) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметкерлерінің мемлекеттік қызметте өтуіне байланысты мәселелерді шешу;
10) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара әрекет жасауды жүзеге асыру;
11) бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қоғамдастықпен байланыс орнату және оны тұрақты дамыту.
3. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
20. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
21. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
22. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының өкілеттігі:
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі мен қаражатына иелік етеді және істердің жай-күйіне дербес жауапты болады;
3) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады;
6) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
7) барлық органдар мен ұйымдарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін ұсынады;
8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;
9) өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.
23. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
24. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
25. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органының (аудан әкімдігінің атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
27. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
28. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
30. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағында мына мекеме бар:
"Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.